"Жар-жарға" барып жар таңдау дұрыс па?

"Жар-жарға"  барып жар таңдау дұрыс па?
жеке
блог

Жұмыс бабымен көбіміздің теледидар қарауға уақытымыз жоқ қой ол рас. Бірақ анда-санда осы "жар-жарды" көріп қаламын. Шоу-бағдарлама әрине. Сонда да сол жерге барып "жар" іздеп отырған қыздарды көрсем көңілімде кірбің пайда болады. Қазақ қызды қырық үйден тиып өсірген емес пе? Ал енді осы қалың жұрттың алдына шығып, "маған бойы анадай, ойы мынадай, жұмысы бар, мені сыйлайтын" т.б. деп жігіт іздеу біздің салтымызда болмаған, санамызға сіңбеген жат қылықтар емес пе? шетелден үйреніп те, алып та жатырмыз ғой. Десекте қыздарымызды жарнамалап, жарияға жар салмай-ақ қойсақ қайтер екен?!