Менің атам-майдангер

Менің атам-майдангер
жеке
блог

Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі.

Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.Осы мақсатты өзімнің атам,яғни үлкен атам Қамзаев Шамар Қамзаұлы жайлы сыр шерткім келеді.Шамар  ата – үлкен атам.Себебі ол кісі менің атамның ағасы. Ата 2000 жылдың 18 қыркүйегінде күз айында дүниеден өтті. Атам 4 бала, 3 ұл, 1 қыз өсіріп тәрбиелеген.Өзінің өмірлік жары Қалықыз әжеміз балаларының барлық тәрбиесіне, өмір жолын тауып азамат болуына үлкен болуына бар өмірін арнаған.Атам балаларына «менің жасымды сендерге берсін,бірақ өмірден көрген қиыншылығымды бермесін» деп отыратын.

Менің атам майданда

1938 жылы  қазан айында армия қатарына шақырылып,Ленинград соғысы округінде болып, Фин соғысына қатысқан.Ұлы Отан соғысы басталғанда Литва республикасының Каунас қаласында әскери борышынөтеуде еді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап ұрысқа қатысқан. Старорусь, Двинск, Новгород,Ленинград, Эстония, Латвия, Литва Республикаларын жаудан азат ету жолындағы ұрыстарда жүріп,үш рет жаралы болған.

Соғыстан кейін ауылға келген соң колхозда жұмыс істеп жүріп, 1946-1952 жылдары «Красный Моряк» колхозында есепші, 1953-1956 жылдары «Иманов» колхозында бас есепші, 1966-1970 жылдары «Память Ильича»колхозында бас есепші, 1970-1984 жылдары «Путь к коммунизму» колхозында экономистболып жұмыс істей жүріп құрметті демалысқа шықты. Колхоз шаруашылығында істеген көп жылдық еңбегі де орынды бағаланып жүрді.Облыстық балықшылар одағының Құрмет грамотасымен  және «Ветеран труда» медалімен наградталған.1980 жылы «Құрметті колхозшы» атағы , өңірге тағатын белгі берілді.
,,,                                         Шамар ата отбасысымен

Шамар атаның марапаттары

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен;

• 1974 жылы «Еңбек ардагері» орденімен;

• 1975 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 30 жыл» медалімен;

• 1985 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 40 жыл» медалімен;

• 1995 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 50 жыл» медалімен;

• 1988 жылы «СССР – Әскери күштеріне –70 жыл» медалімен;

•«Медаль маршала Жукова» медалімен;
•Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық ерлігі үшін
• Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен наградталған.
,,,

 

Біздің Шамар атамыз ұлдары мен қызын тәрбиелеп өсіргенүлгілі отбасы “Қара шаңырақ” қазіргі жастарға үлгі боларлық отбасы.Атамыздың қызы Қамзаева Роза Шамарқызы – Сафон ауылының әкімі болса,ұлдары Сабыржан – Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің автобус жүргізушісі,Әміржан – вахталық жұмыста. Үлкен ұлы Рахат1990 жылдары жол апатынан қайтыс болды.

Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде  мәңгі сақталасыз!

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Сафон ауылы

Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің 10 "а" сынып оқушысы

Аққалиева Асель Ерболатқызы