Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

ҚҰРМЕТТІ   ОҚЫРМАНДАР!

           Құрметті   оқырмандар,  біз   сіздермен  www.massaget.kz   порталында   жүздесіп отырғанымызға   қуаныштымыз.  Алдағы    уақытта    осы    портал   арқылы   біраз   жазба  жариялайтын   боламыз. 

         Міне,  тәуелсіз   еліміздің  ақпарат  айдынында  «Гүлстан» журналы   өзінің   ақ  желкенін  көтергеніне  (№1  наурыз  2005)  6  жыл  толыпты.  Енді,  журнал     жайында    қысқаша ақпарат   бере   кетсек.

         .

          Ғылыми-танымдық   бағыттағы   айрықша   еңбегі    үшін   журнал  2010    жылы   Қазақстан    Республикасы   Ұлттық   Мемлекеттік    Кітап    палатасының    сериялық  басылымдарды  тіркейтін    ISSN    Ұлттық   Орталығында    (ЮНЕСКО, Франция, Париж қаласы)  тіркеліп, арнайы  сертификатқа  ие  болды.

          “Гүлстан” журналының   алға   қойған   мақсаты   –  әр   шаңырақтың   ауласын  гүлдендіру   арқылы    бүкіл    мемлекетіміздің    гүлденіп-өркендеуіне үлес қосу  болғандықтан, осы   жолдағы   игі   шараларды    бірлесіп    атқаруымыз  керек.  Елімізде   жаңа   саябақтар  ашылып, әрбір  мектеп  пен балабақша    ауласы   гүлге   орансын.  Табиғат-ананы   аялап,  жеріміздің   өсімдік   байлығын қорғап-дамытуға   бар   күш-жігерімізбен   атсалысайық.


         Біз   өз   журналымыз   арқылы   сіздерді жыл бойы сан алуан гүлдер мен таныстырып, олардың    күтімі  жайында     қажетті мәліметтер   береміз.  Еліміздегі табиғи    қорықтар,   экологиялық    проблемалар,   қала  көгалдандыруға   қатысты  толғамды пікірлер   мен    тұжырымды   ойларды   ортаға    саламыз.

         Бұрын  журнал  айына   1   рет  шыққан  болса, биылғы   жылдан    бастап  маусымға байланысты 3   айда  1  рет   шығатын  болады.  Сонымен  қатар, «Өсімдіктер   әлемі»  атты  оқу-әдістемелік  кешенін  шығарып  отырмыз.

         Сіздер   де    өздеріңіздің  сүйікті    өсімдіктеріңіз,   ауладағы   бағыңыз немесе үйіңіздегі   гүліңіз    туралы    материал     жолдасаңыздар   болады.   Біз     сіздердің   талап-тілектеріңізді    ескеретін  боламыз.  Біздің    журнал  сіздердің     игіліктеріңізге     қызмет   жасап,  қажеттіліктеріңізге  жарап,  көмекші  бола  білсе, біз   үшін   сол   үлкен   жетістік.


                                                                                                                                                                                         Редакция ұжымы

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 11 қаңтар 2012, 16:38
Тегтер: Гүлстан, Гүлстан журналы, өсімдіктер әлемі оқу-әдістемелік кешені, Гөзел Құлжабаева, гүл, өсімдік, балаларға арналған кітап, өсімдіктер әлемі, экологиялық тәрбие, оқырман, гүл өсіру, пайдалы кеңес, көгалдандыру, гүлдендіру

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.