Сәлем саған, Санкт-Петербург!

Сәлем саған, Санкт-Петербург!
жеке
блог

Қазақ тілді контентті дамыту жолына менде бір үлес қосармын деген оймен осында тіркелдім. Бұл порталдың көптеген тақырыптары мен үшін жат, кейбірі түсініксіз. Қайткенімен, бұл қазақ тілінің ғаламторда дамуына әсер болатын жақсы проект. Алдағы уақытта театр және архитектура тақырыптары косылса нұрдың үстіне нұр болатын еді. Менің мында бөлісетін бар дүнием  - көргенім мен оқығаным. Қолданатын фото-cуреттердің барлығы авторлык. Оқырмандарға "Сәлем саған, ..." деген әр жаңа бір жерге сәлем етіп, сол сапарыммен өздерңізбен бөліскелі отырмын.

Алғашқы айтарым - бұл виртуалды әлем болғандықтан барлығымыз тең болып бір бірімізден алыспыз. Мында жас, жыныс, мамандық және басқада бөлінетін категориялардың шегі аздап жойылады. Бәріміз теңбіз, бірақ алыспыз. Оған қоса, қазак тіліндегі "Сіз" деген есім құрметті білдіргенімен адамдардың арасын алыстатады. Виртуалды дистанцияның өзі жеткілікті деп ойлаймын, сондықтан сіздермен кішкене болсада жақын болу үшін "сен" деп айтуға рұқсат етіңіздер...Сол кезде сапарға біз бірге бара аламыз. Менің ойымды түсінесің ғой?) Ендіше, кеттік!

 Сәлем саған, Санкт-Петербург!

Санкт-Петербург таңғажайып мекен. Қалаға кіргеннен өзіңді 19 ғасырдағы еуропада жүргендей сезінесің: керемет архитектура, фонтандар, су каналдары, көпірлер, Невский даңғылы. Ең белгілі ғимараттарының бірі Растрелли архитекторы салған Қысқы сарай, Дворцовая жағалауында орналасқан. Осында әлемге әйгілі музей Эрмитаж бар. Леонрадо да Винчи, Рембрант, Айвазовский секілді ұлы суретшілердің шедеврлер жинағы.

Санкт-Петербургті «Солтүстік Венеция» деп атайды. Расында, Венециядай су бетінде қаланған ерекше. Онда 20 канал, 93 өзен, 100-ден астам өзендер. Каналда жүзіп келе жатқанда оң жағынан, сол жағынан да керемет архитектуралық сұлулық, әр ғимараттың терең-бай тарихы бар.

Исаакиевский соборы - діни храм әрі музей. Өте үлкен, мрамор колонналары, храм ішінде бейнелеу өнерінің керемет туындылары бар.

Адмиралтейство – кеме орталығы, император Петр Голландияда кеме әскері қорғауын оқып, еліне үлкен жаңалық алып келген. Сол заманда кеме әскері ең маңызды қорғаныс болған, теңіз арқылы Ресей еуропаға есік ашқан.

Атақты  Аврора крейсеры, ешкімге бой бермеген, батыл кеме. Октябрь революциясында белсенді қатысушыларының бірі, орыс жапон соғысында да аса ерлік көрсеткен. Қазіргі күнде бұл музей, 100 жылдан асқан кеме аса ерекше естелік болып саналады.

Мариинский театр әлем бойынша ең керемет театрлардың бірі. Оның сахнасында Фёдор Шаляпин, Михаил Барышников, Матильда Кшесинская, Рудольф Нуреев, Анна Павлова т.б. көптеген опера және балет жұлдыздары өнер көрсеткен. Санкт-Петербургқа келген жағдайда театрды міндетті түрде балет көрген дұрыс, себебі балет өнерінің шыңы ғасырлар бойы осы күнге дейн орыс театрында. 

Нева өзені олда бір қаланың ең үлкен құндылықтарының бірі. Неваның жағалауында серуендесең соның өзі үлкен қуаныш, қаланың өзіндік қасиетін сезіне бастайсың. Санкт-Петербургте 340 астам көпірле бар, оның 21 ашылатын көпір. Түнгі уақытта белгіленген уақытта үлкен көпірлер ашылады («развод мостов»), сол көрініс биік тау екіге бөлінгендей ерекше әсер аласың, әдетте ғашықтар сол жерде жиналып, бұл құбылысты бірге тамашалайды, нағыз романтика:) 

Санкт-Петербург терең кітап сияқты, әр барғанымда өзіме жаңа парақ ашқандаймын.