Бастау.

Бастау.
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме?! Менің атым Айгерім. Мен кіші кезімнен атамның оқыған кітаптарын тыңдап өсіп, кітапқұмар болдым, өскенде жазушы немесе журналист боламын дедім. Бірақ өскен кезімде Атамның "Әдебиет ардың ісі, арыңды сақтап жаза аламын десең ғана жазушы бол" сөзі бәріне нүкте қойған сияқты болды. Өйткені арды сақтау көпшіліктің қолынан келе бермейді. Бірақ сол бала күнгі арман тыпыршылап ойға да, көңілге де маза бермей жүр. Сол үшін қысқа болса да қара сөзді теріп ойыммен, әңгімелеріммен, естеліктеріммен бөліскім келіп жатыр. Бұл бәлкім, жаңа өмірімнің, жазушылығымның немесе жоғалтқан өзімді табуымның бастауы болар.