Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Яндекс.Браузер қазақстандықтарға компьютермен сөйлесуді ұсынады

Яндекс.Браузер қазақстандықтарға компьютермен сөйлесуді ұсынады

Яндекс.Браузер қазақстандықтарға компьютермен сөйлесуді ұсынады

Windows-қа арналған Яндекс.Браузерде Яндексте жасалған, дауысты түсінетін көмекші – Алиса пайда болды. Енді адамдар браузердегі және компьютердегі көп жұмысты жылдамырақ атқара алады – дауыстап тапсырма беріп, сүйікті әнін қоса алады, ауа райы болжамын, жаңалықтар мен валюта бағамын сұрай алады, сайттар мен программаларды аша алады, компьютерді сөндіріп немесе қайта қоса алады.

Яндекс.Браузер дауысты ұғатын көмекшісі бар алғашқы браузер атанып отыр. Әзірше бұл – алғашқы қадам ғана, бірақ қазірдің өзінде компьютермен тірі адамдай сөйлесуге – әңгімелесуге немесе оған өтініш айтуға болады. Мысалы: «Алиса, бешбармақтың рецептін айтып жіберші», «Соңғы жабылған қосымша бетті ашшы» немесе «Дыбысты өшірші» деп тапсырма беруге болады. Алиса барлық адаммен, әсіресе, балалармен оңай тіл табысады: ол көп ойынды біледі және қалаларды атаудан немесе сөз құрастырудан сайысқа түсуге дайын.

«Адамдар дауысты технологияларды әртүрлі жағдайда қолданады: дауыстап айтып, жүру бағытын түзеді, бір жаққа кетіп бара жатып, әлденені іздей салады, колл-орталық роботтарымен сөйлеседі. Дауыспен басқару – адамның техникамен қатынасының ең табиғи әрі қарапайым тәсілдерінің бірі, сондықтан біз Алисаны Яндекс сервистеріне қостық. Ол қазір смартфоннан миллиондаған адамға көмектесіп отыр, енді компьютерге ауысады. Келешекте ол түрлі құрылғыдан адамның толыққанды әрі жеке ассистенті болуға талпынады», - дейді десктопқа арналған Яндекс.Браузер жетекшісі Роман Иванов.

Алиса қазір Windows-қа арналған Браузердің жаңа нұсқасында. Онымен әңгімелесуге, ал бұған мүмкіндік жоқ кезде, жазбаша тілдесуге болады. Егер қолданушы дауысты түсінетін көмекшіні мүлдем қажет етпесе, оны браузердің баптауынан алып тастау оңай.

Алисанейрон желілері технологиясы негізінде жасалған, дауысты түсінетін ақылды көмекші. Алиса аяқасты шешім қабылдай алады және өзіне тән мінезі бар. Оны iOS және Android құрылғыларында, сонымен бірге Windows-қа арналған Яндекс.Браузерде қолдануға болады.

0
Рейтинг: +2

Автор: Айкона Н
Жазылған уақыты: 15 наурыз 2018, 14:22
Тегтер: Яндекс.Браузер, Алиса

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.