Аналар асыл жандар.....

            Аналар асыл жандар.....
жеке
блог

Ана деген ең сұлу да көркем ұғым жəне ең керемет атау . Дүниеге шыр етіп келгеннен - ақ балаға ең жақыны , досы , сырласы , қамқоршысы , тəрбиешісі əрине анасы . Ана деген - үш - ақ əріптен тұратын қастерлі де қасиетті есім . Оның қадірін түсініп біту мүмкін емес . Ананың аяулы алақанынан артық не бар бұл жалғанда? Дүниеде ең тəтті сусын алғаш дəмін алған ананың сүті . Əр перзентіне емірене , сүйсіне қарайтын бар мейірімін төгіп , өмірдің ағы мен қарасын үйретіп , сенің азамат боп қалыптасуыңа себепкер болатын ,түн ұйқысын төрт бөліп, сен үшін өле - өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік . Бір тағдырды дүниеге əкеліп, жарық өмір сыйлап оны жақсы адам қылып шығару жауапкершіліктің үлкені.
"Жұмақ ананың аяғының астында " - деген тəмсіл бар . Сол сияқты " анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да аздық етеді " - деген сөздің мағынасын ашсақ өзінің парызын мінсіз өтеп , сіздің алдыңыздағы борышын қалтқысыз өткерген жанға жамандық жасау тек ақымақтық . Ондай кезде осындай жағдайдың ананың арқасына аяздай бататыны анық . Неге ? Өйткені тоғыз ай көтеріп , тас емшегін жібітіп , тар құрсағын кеңітіп , мəпелеп өсірген сəбиінің небір қиянатқа баруы адам айтса нанғысыз жағдай . Қазіргі қоғамда аналарды қарттар үйіне тапсырып , көшеге тастап кетіп жатқан санасыз жандарды көргенде жүрегім қарс айырылады . Екі көзін жəудіретіп қойып аяқ - қолынан əлі кетіп , жұмысқа жарамсыз күйге түсіп , ауруы үдеп , көзінен нұры тайғанда керексіз заттай тастап кете салады . Айналайын , ол сені қанша жыл бағып - қағып өсірді ғой , түнде сен жылағанда уатып қашанғы ұйқтағанға дейін жаныңда болып , əлдилеп , қарның ашқанда емізіп , кішкене ауыра қалғаныңда күннің дауылына да , жауынына да қарамай сені ауруханаға жеткізіп , күтіп - баптап , ес - ақылың кіргенге дейін дəретке отыруды білмегенде сенің астыңды жуып , тазартып , одан үлкейе бере тілің шыққанда ең алғаш əріпті дыбыстап сөз шығарғанда мейірімі шексіз ананың жүрегі қуанышқа толды .Тəй - тəйлеп жүріп қадамыңды санап басып мектепке баратын жасқа жеттің , сенің үй жұмысыңды жасауға көмек беріп , асыңды дайындап , ештеңеге жұмсамай , жұмыс істетпей , бетіңнен қақпай , дегеніңнің бəрін мақұл көріп , ішкенің алдыңда ішпегенің артыңда қамсыз күй кешіп өстің . Мектеп бітірдің , білім алдың , ой толып , бой өсті жоғарғы оқу орнына тапсырдың оған да түстің . Оны бітіріп жақсы бір жұмысқа тұрып енді отбасын құрдың да бəрін ұмыттың . 

Осы жағдайда дейін жеткізген кім еді ? Кім ? Анаға деген жылуды суыттың , көзіңді шел басты , көкірегіңді надандық жайлады сол сəтте . Бұл орны толмас қателік , санасыздық жəне қанша жылғы еңбектің еш кеткені . Бұндай хайуандыққа жануар ғана барады десек жануар екеш жануар да өзінің төлін далаға тастамайды .

Өз үйінде бой жетіп, өзге үйде есейген , өз үйінде тербеліп, өзге үйде бесік тербеткен, өзге үйде көрген жапаны, өз үйінде көрмей өскен, өз үйінде аққу боп, өзге үйде таралған, өз үйінде қара шаш, өзге үйде ағарған, өз үйінде ерке өсіп өзге үйдің кірін жуған , өз үйінде дүниеге келіп өзге үйдің шамын жаққан , өзі үшін емес-ау, тек өзгелер үшін жаралған асыл , алтыннан да қымбат аналарымызды көзі тірісінде бағалайық . Бұл жалған бес күндік қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпайық.
Ақ шашты ана :  « Жастығым — балам » дейді .  Ақылды бала :  « Ай-күнім — анам » дейді . Адамгершілектен аттамай " қолда барда алтынның қадірін білейік " .
Анаға деген махаббатымыз мəңгілік болсын !