"91 тобы" бізге керек пе ?

"91 тобы" бізге керек пе ?
жеке
блог

Бәрімізге мәлім Кореяның k-pop стилін үлгі тұтып q-pop, қазақ-поп, жанрының іргесін қалаған “Ninety One” тобы жайлы өз пікіріммен бөліскім келеді.  2014 жылы топтың продюсері атанған "ORDA" тобының мүшесі, Ерболат Беделхан, қазақ музыкасына ерекшелік енгізу мақсатында қазақстандық бойс-бэнд тобын құрған болатын.

Негізінде, “Ninety one” тобы 5 мүшеден тұрады: Азамат Зенкаев, Батырхан Маликов, Азамат Ашмакын, Дулат Мухаметкалиев және Данияр Кулумшин. Топ құралғаннан бері қазақ музыка эстрадасына біршама жаңа стилдегі өлеңдер енгізіліп оған бейнебаяндар түсірілген болатын, мысалы: “Айыптама”, “Қайтадан”, және т.б. Осы заманға дейін шырқап жүрген өлеңдерінің арқасында “Ninety one” тобы бірталай атаққа ие болған. Ол топтың танымалдылығы тіпті Қазақстаннан асып шет елдеріне дейін де барған. Алайда, “Ninety one” тобының біздің дәстүрімізге енгізген жаңа ерекшеліктері көптеген азаматтардың наразылығын тудыруда.“Ninety one” тобының концертін қойғызуға алдымен Шымкент, содан кейін Ақтөбе қаласының қазақтары қарсы шықты.

“Ninety one” тобының концертін қойғызуға алдымен Шымкент, содан кейін Ақтөбе қаласының қазақтары қарсы шықты. Неге десеңіз, сол топтың бейнебаяндарын көрген адам егер жүрегінде кішігірім иманы, сана-сезімі немесе қазақи салт-дәстүрді сақтайтын санасы болса, онда “Ninety one” қандай топ екеніне бірден көздері жетеді.  Артымыздан келе жатқан жас ұрпақ осы топты үлгі тұтып, олардың киінген киімдеріне, бояған шаш үлгілеріне еліктегені болашақтың құртылатынына дәлме-дәл себеп болатыны айдан анық. Бір ұлт екінші ұлтқа салт-санасын, ұғымын және ерекшелігін өнер арқылы танытады, сондықтан Кореядан енгізілген жаңа стилдегі топтың  қазақ музыка дәстүрін бұлғағанын қаламаймын. Қылығы қыздарға тартқан, сыртқы келбеті азғындыққа тәрбиелеген, қазақ деген ұғымға лайығы жоқ азаматтар біздің қоғамнан аулақ жүргені жөн болар.  Әлем жылдан жылға азғындықтың құрдымына құлап барады. Өздерінің ұлттық дәстүрі мен дінін сақтаған елдер ғана азғындықтан халқын сақтап отыр. Сондықтан, мұндай азғындық жастарымыздың санасын уламасын десек, ұлттық дәстүріміз бен дінімізге берік болайық.

Әлем жылдан жылға азғындықтың құрдымына құлап барады. Өздерінің ұлттық дәстүрі
мен дінін сақтаған елдер ғана азғындықтан халқын сақтап отыр. Сондықтан, мұндай
азғындық жастарымыздың санасын уламасын десек, ұлттық дәстүріміз бен дінімізге берік
болайық. Әрине, бізге азғындар емес азаматтар керек, бізге құзғындар емес қырандар керек, елін сүйген ұландар керек!