"Манчестер ситидің" маңғазданатын жөні бар

"Манчестер ситидің" маңғазданатын жөні бар
жеке
блог

Ағылшын футбол алаңдарында алғашқы кубоктың иегері анықталды. «Манчестер сити» «Арсеналды» 3:0 есебімен ойсырата жеңіп тұманды альбионның шын мықтысы екенін дәлелдеді. Венгер болса осы маусымда Гвардиоладан үш рет қатарынан ұтылды. Ойын бірқалыпты басталғанымен, Агуэроның бірінші болып есеп ашуы «канонирлердің» есін шығарғандай. Екінші таймда Компани мен Сильваның голы 65 минутта-ақ, чемпионның кім екенін анықтап тастады. «Арсеналдың» ішкі чемпионаттағы жағдайы да мәз емес.Турнирлік кестеде 6 орында келеді. Топ-4-ке кірудің де ауылы алыстау. Ендігі үміт «Еуропа лигасы». Онда 1/8 финалда «Арсенал» кеше ғана «Романы» 0:2 есебімен ұтқан «Миланмен» кездеседі.