Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Принципсіз адамның бейнесі

Принципсіз адамның бейнесі

Принципсіз адамның бейнесі

 

Принципсіз адамның бейнесі

Арғы қазақ, ат жалын тартып мінген баласын «азамат болды» деп, ел құралпы астына арғымақ беріп, қолына қару ұстатып ел қорғауға, шаршы топта сөз сөйлеп дау шешуге, қолына қыран ұстатып, соңына қумай ерткізіп отбасын асырап өз күнін өзі көруге баулыған. Жасында атасының тәрбиесін көріп өскен балаға одан ары «әкеңнің емес халқыңның ұлы бол» деп ел болып жол көрсеткен. Көп қазақтан тәлім алған бала «алып» болмағанда қайтсын.

Бүгінде жасы 18 бен 25 арасындағы замандастарымыз кешегі Кеңес үкіметінің күйреу тұсында дүниеге келген жас азаматтар. Алдымыз қызыл галстукты пионер атанғанымызбен Ленин басты значек тағып Комсомол болуды армандап қана тәуелсіз Қазақстанға аяқ бастық. Азаттық пен бодандықтың не екенін айырып білмейтін біздерге Қазақстанның алғашқы жылдары өте күнгірт, түсініксіз болды десек ешкім дауласа қоймас. Көп сөйлеп көсемсуді онша қалай бермейтін ауылдың көреген шалдары «Біз енді азаттық алдық, қазақ өз тізгінін қолына алар, өзге ұлттар өз отанына қайтар (ол кезде Қазақ жеріндегі өзге ұлттар қуғындалып келген келімсек ретінде қабылданатын) десті. Ал, компартияның қамын күйттеп шолақ белсенділік етінен өтіп сүйегіне сіңген Партком, Звено, Завраенна сияқты 124 маркалы ақ волгаға мініп, шатқаяқтап семіріп, ел алдында көсемсіп сөз сөйлеуді әбден меңгеріп алған интелегенттер “Ұрандамай қоя тұрайық, одақсыз күніміз не болмақ, «бөлінгенді бөрі жейді»” деп, бала күнінде санасына сіңіп қалған “В.И. Ленин Жүз жылда қайт дүниеге келеді” деген таңғажайып қиялды көңіліне жұбаныш етті. “Жалқау” сөзінің антонимі  “Еңбек” сөзін текқана көйлегінің көктігі мен қарнының тоқтығына арнап өмір сүрген Коммунизм идеясының, өзіне басты оппанент етіп саясатта ойын ойнаған капитализмнің өмір сүру қағидаларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Капатилистік елдер барынша канфорттық тұрмысқа бейімделсе, Коммунизмде «барлығына ортақ болсын деген ұстанымды алдыға тартып» ерекшеленген  болды. Бірақ, Лениншілдер “іріп-шіріген ысырапшыл капитализм” дей тұрып, “біз коммунизмге жетсек дүкендерде бәрі тегін тұрады” деген өзінің масылдық пиғылын да жасырып қала алмады. Яғни капиталистер удовства атты фенишке кім бұрын жетсе де бәрі бір деген принцппен бұқара халықтың тізгінін бос жіберсе, Коммунистер «теңдік керек, тегін дүкендерге бірге жетеміз» десті. Және осыған тез жетудің жолында зымырағаннан зымырап отырып заманнан да өзбаққа тырысып, науқанды «бесжылдықтарды» қарша боратты. Аяғында саны көп сапасыз өнімнің салдарынан, көп уәде беріп аз жұмыс жасаудың кесапатынан Одақтың күл паршасы шықты. «Ұраншылдар» өз отанының ірге тасын даминоның тасынан құрап келгенін байқай алмай қалды. Бұл, Пионер, комсомол, пенсионер деп қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне қарай топ-топқа бөліп, икемді түрде бағындыру тәсілін әбден меңгерген ХVIII ші ғасырда франсуз утопистері идеясын шығарып, оны немістің Маркысы мен Энгелісі пысықтап, артынан Ленин мен «Лениншілдер» жүзеге асырған қиял патшалығының соңғы құлдырау тұсы еді.

Арғы қазақтың менталитеті мен кейінгінің өмірлік принциптерін салыстырып қарасақ,  бодандықта жүргенде «шен», «атақ», «мәртебе», «қызмет» деген сияқты т.б. ұғымдар қазақ санасына әбден сіңісіпті. Қазір, ата-анасы баласына - «жақсы оқы, жақсы оқысаң жақсы тұрмыс кешесің, қызметің өседі, қызметің өссе басыңда баспана, астыңда мәшине болады. Қара креслода шалқайып отырып телефонмен жұмыс бітіргеннің несі жаман» деп тілек айтып, батасын беріседі. Ал, енді қайтып осыған жетсем екен деп арманда болған қайран жастық шақ. Не бизнесмен болу керек, не қызмет өсіру керек, әйтеуір қайткен күнде дворян болып өмір кешу. Осы тұста «сұрағанға тілеген» деп «лидер», «көш басшы» ұғымдарын шет елдік политехнологтар (жастармен идеялық тұрғыда жұмыс істейтін арнайы топтар) ойлап тауып, әр түрлі тәсілде ортаға тастап кеп жіберіп еді, «принципсіз мансапқорлықтың» көкесі сосын басталды.

Әйтседе осы мәселелерге сараптама жасап, өз бағытын дұрыстап анықтап отыратын, негізінен жастардың өздері еді. Мәселен ұйымдар құрып, бірігім, алдыға жеке бастың емес ортақ мақсаттарды қойып, кез-келген шет елдік идеологияларға сараптама жасап, керегін алып, керек емесін қалдырып, ел болашағын анықтап, келешекке жол көрсетіп дегендей. Әттегенайы сол, олай болмай отыр. Жауыннан кейін саңырауқұлақша қаптайтын ұйымдар баяғы Кеңестік жұйенің сарқыншағынан қалған науқаншыл жұмыстарын әлі жалғастырып келеді. «Біз қазақсанның болашағымыз», «Қазақстан үшін», “Қазақстанның жастары біргеміз»  деген сияқты жалаң, қысыр ұрандардан жалығар емес. Тіпті екі ауыз қазақша сөз құрай алмаса да “мен казакша сойлейбін” дегеніне мәз болады. Көкесі сайлап лидер қылғанмен халық қаламайтын осы бір жастарлың легі мансаптың буына малданып бітті. Ешқандай өмірлік ұстаным, ар, намыс, халықты силау, ұлтқа құрмет, үлкенге ізет, кішіге өнегесі жоқ, не де болса лидерлікке жету, қызмет өсіру ұғымын санасына сіңіріп алған.

 

 

 

 

 

2257 4
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 маусым 2012, 14:13
Тегтер: Принципсіз адамның бейнесі
Пікірлер
+0
19 маусым 2012, 15:48

ұзаааақ екен, оқи алмадым.. :shock:

+0
19 маусым 2012, 17:11

Жастарға бұл қызық емес, екінің бірі ел тағдырына араласуды жөн көрмейді.

+0
19 маусым 2012, 20:11

Өзіме қызық болды. Жақсы айтылған қарапайым тілде

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев