Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета таяқшасы менде

Эстафета таяқшасы менде

Эстафета таяқшасы менде

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет: 

Қайырлы күн! Массагеттіктер қалдарыңыз қалай? Бүгінгі күндеріңіз сәттілікке толы болғай! Ойда жоқта Ақеркеден эстафета таяқшасын алдым, көп созбай өзімді таныстырайын.

Мен Ералы Мақпал Үмбетәліқызы 1993 жылы Шырайлы Оңтүстікте дүниеге келгенмін. Мақатаевтар жанұясының үлкен ұлының қызымын. Отбасында бір қыз болсамда ерке қыз емеспін. Мінезім ашық, әкеме тартқан қатал мінезімде бар. Қазіргі таңда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Педагогикалық Институтында 3 курс студентімін.Мамандығым педагог. 

2. Хоббиің не?

Хоббиім жоқ бір тұрақты айналысатын. Өмір сүру хоббиім десең)) Бос уақытымда музыка тыңдап, журнал ақтарғанды, баққа кіріп жалғыз серуендегенді ұнатамын. Соңғы уақытта интернеттен көп пайдалы кеңестер мен сайттарды ақтарып жүрмін. Әрине массагет бірінші орында. Домбыра анда-санда қолға алып біраз ойнап қоямын. Қазір қол өнерге қатты қызығып жүрмін, үйреніп алсамба деген ой да бар.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Туған елім Қазақстанды көрсем деймін. Астана мен Алматы қатты қызықтырады. Әлемнің бай қалаларын көрсем деймін. Әйгілі әлемнің кереметтерін тамашалағым келеді, соның ішінде  «Қытай қорғанын» көргім келеді. Дубай мен ең тамаша жағалауларда жалаң аяқ құмы мен суын кешіп жүрсем деймін. Оңтүстік Корея мен Жапонияны да ерекше көргім келеді. Тек қана саяхаттап қана қоймай осы елдердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтсам деймін.  Алла қаласа!

4.  Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің(құс, жануар, жәндік, планета)?

Таңдау жасалса? Жануар, жәндік жалпы мақұлық болуды қаламас едім. Биік Тау болушы едім. Ең биік шыңын «Мақпал»  деп атап қоюшы едім)) Табиғаты тамаша, жұмбақ және жәннәт мекен болушы едім)))

5. Өмірлік ұстанымың және жиі қолданатын нақыл сөзің?

Бір істі бастарда өзіме: «Тек алға!», «Сенің қолыңнан келеді!» деймін өзіме.

Бір нәрсе көңілімнен шықпаса немесе ренжісем: «Ештеңке мәңгі емес!», «Бұлт аржағында жайма шуақ күн бар!».

Ашулана бастасам: «Сабырлылық-ең жақсы мінез».

«Алла қаласа», «Бәрі жақсы болады», жалпы көп, қаншасын осы сайттан үйрендім. 

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме? 

«Сіздерге өтірік, маған шын» осы уақытқа дейін, ешкіммен сүйісіп көрмеппін))) 

7. Кімді жақсы көресің?

Жүрек менікі))) Сол жанды жақсы көремін! 

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің(былайша айтқанда кумирің). Неге ол адам?

Қатып қалған кумирім жоқ. Бірақ, сол адамдардың өнеріне, ерекше қасиеттірне бола құрметтеймін. Олардан бір нәрсе үйренемін. 

Әншім: «Музарт». Сұлулықтың символы деп: Айшвария Рай, Анжелина Джоли, Баян Есентаеваны айтар едім. Саясаткерім: Өзіміздің лидерғой!

Тарихи тұлғалар әрине оларды мақтан тұтпайтын, олардан бір даналық үйренбейтін жан жоқ шығар. Мұсылман ретінде Мұхаммет пайғамбар(с.ғ.с). Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы - Абай! Болашақ педагог ретінде Ыбырай мен Сухомлинскийдің еңбектеріне, даналықтарына бас иемін. Әдебиетте Мұқағали ағамыздың шығармаларын сүйіп оқимын.

9. Сүйікті спорт түрі?

Бейсбол, мәнерлеп сырғанау, үлкен тенис, жүзу.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл сол фильм?

Тарихи фильмнен «Мың бала»,«Балалық шағымның аспаны».

Ресейдің бұрынғы фильмдері «Операция Ы и другие приключения Шурика»,«Италянцы в Россий»,«Ирония любви».

Корей елінің драмалары мен комедиялары қатты ұнайды. Агентство«Сирано», «Аквариумные рыбки», «Малыш и я», «Ты мой питомец!», «Незабываемый день».

11. Үйде кім басшы болуы керек деп ойлайсың?

Есі бар тәрбиелі қыздың бәрі үйде әкесінің басшы болғанын көріп өскен болар. Еліміз ерлерге аса құрметпен қарағанғой. Менің ойымша әрине отағасы басшы. Ол президент мен министр)))

12. Үйде ақшаны кім ұстауы керек?

Отбасы болған соң бәрі ортақ емес пе? кім ұстасада бәрібір.

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Егер жұбайым болса әрине кетемін. Ал, сүйіктіммен кетуге ата-анам рұқсат берсе ғана кетемінде, олардың батасынсыз қайда барамын? Бармай қалсам күтемінғой асыға))

14. Адамзаттың бұл дүниге келуінің мәні не деп ойлайсыз?

Менің ойымша шынайы адам қалпында келген соң солай кету, Аллаға құлшылық етіп, шүкіршілік ету. Жақсы адам болып, артында із қалдыру. Және де бақытқа жету. Адамзат жаратылысынан жоғары дәрежелерге лайықты. Сол дәрежеден түспей, лайықты да мәнді өмір сүру. 

Ақеркенің сұрағына жауыбым: Жақсы адамдар бар. Олар өз ортамызда да, үйде де бар. Менің санамдағы жақсы адам:«Қарапайым. Мінезі көркем, жүрегі жылу мен махаббатқа толы, жақсылыққа жаны құмар, зұлымдықты ойламайтын, ар мен намысты жоғары бағалайтын, ұяттан аттамайтын, сезімі терең, санасы жоғары, адамгершілік өмірінің басты қағидасы, жалпы өз міндеті мен жауакершілігін сезінетін жеке тұлға. Қамқор, адал, бойында адам саялайтын жақсы қасиеттер көп жан».  Ең жақсы адам деп, Мұхаммет пайғамбарды (с.ғ.с) айтар едім! Аялап өсірген ата-анам ең жақсы адамдар. Жалпы, маған жақсылық жасаған жандар мен жақындарым, достарым да жақсы жандар дей аламын. Әрине ешкім идеал емес, сонда да бұлардың жақсы жақтары көп!

Эстафета таяқшасын маған ұсынған Ақеркеге рахмет айтамын және кезексөзді Мақпал Бисембаеваға беремін.

Мақпалға сұрағым: Ойда жоқта мол байлыққа ие болсаң, сол байлықты не істер едің?  


 

 

 

 

2760 16
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 19 маусым 2012, 11:54
Тегтер: танысу эстафетасы, Өзім жайлы баяндадым!!!
Пікірлер
+0
19 маусым 2012, 14:11

Танықаныма қуаныштымын, Мақпал! Жауабың да ұнады!

+0
19 маусым 2012, 14:16

Бейсбол? мәнерлеп сырғанау? үлкен тенис? деп қойяын тағы да :)

+0
19 маусым 2012, 14:52

:lol: деп қойдыңызғой... неге осылай айттыңыз, әлде сізде осы спорт түрлерін ұнатасыз ба?

+0
19 маусым 2012, 17:36

мәнерлеп сырғанауды ма? :lol:

+0
20 маусым 2012, 23:36

мәнерлеп сыпғанау? 8-) ааа айтпақшы сіздің бір постыңыздан Шымкенттіктердің психикасын зертеп жүргеніңізді оқып едім, сол зерттеуіңіз бітпеді ме? сұрақ: НЕге Алматы, Астаналықтардың психикасы емес , дәл Шымкент?

+0
19 маусым 2012, 14:31

"Ы операциясы!" базар жоқ кино ғо

+0
19 маусым 2012, 14:56

Рахмет, менде қуаныштымын!

+0
19 маусым 2012, 17:25

«Аквариумные рыбки» фильмін қарап көру керек еді.

+0
19 маусым 2012, 17:31

осы массагетте корей елінің киносын ұнатпайтын қыз бар ма екен

+0
19 маусым 2012, 19:01

жоқ)))

+0
20 маусым 2012, 00:55

бар

+0
19 маусым 2012, 19:03

мен де пединститутта оқимын :D

+0
19 маусым 2012, 19:59

Шымда ма?

+0
25 маусым 2012, 00:00

Ұлы болу - әркімге міндет емес, Қалсаң болды кәдімгі АДАМ болып!!! :)

+0
02 желтоқсан 2012, 22:25

эстафетаның таяғы кімде жүр екен?? )

+0
02 желтоқсан 2012, 23:07

сiзде)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев