Мен туған шаһар...

Мен туған шаһар...
жеке
блог

Мен жаңа ғасыр басталғанда 2001 жылы жаңа-жыл қарсаңында дүниеге келдім. Менің кіндік қаным тамған жер Алматы. Алматыда туып, өстім. Менің туып өскен жерім Алматыны, жер шарын араласамда еш жерге тең келтіре алмаймын. «Алматаудың баурайында көк шырша, бау-бақша, көк шөп, қызғалдақтар көз тұндыратын әсем қала, ғажайып қала - Алматым !» деп айтар едім.

Ата-бабаларымыз Есік жақта Киікбай деген тау етегінде өсіп-өнген Албан елі, оның ішінде Аққыстық екенбіз. Негізінен,   ата-бабамыз, туыстарымыз - осы Алматының жергілікті тұрғындары. Әлемнің кез-келген түкпірінде тұруға мүмкіндігім болса да, мен Алматыда тұруды таңдаған болар едім. Бұл қаланың тарихы, табиғи және тарихи мекендері де  ерекше екені сөзсіз. Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Әуелі Верный деген атқа ие болған  қала әлемге дәмі тіл үйірер апортымен танымал болғандықтан Алматы деген атқа ие болады.

            Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен нарттай алмасымен ерекше. Алматының басты көрікті орындары-Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көк-төбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпіріне жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары халық көп болатын орындар. Халық демалу үшін жиі баратын Көк-Төбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыздар.

      Менің ойымша Алматының тазалығына көңіл бөлу керек сияқты. Жерде жатқан қоқыстарға қарап жиіркенесің. Егер көшеде қоқысты көрсең жәщікке ерінбей барып сала сал. Саған қарап адамдар үлгі алатындай болуы тиіс. Адамға ең күшті әсер ететін нәрсе ол-ұялу сезімі. Өзіміз ұялайық, өзгені ұялтайық, сол арқылы аяулы қаламызды қоқыстан аршып алуға тырысайық!