Жұмысқа кел, жас маман!

Жұмысқа кел, жас маман!
жеке
блог

Қадірлі достар, Massaget.kz порталы жас журналистерді жұмысқа шақырады. 

Біз бірден екі журналисті жұмысқа аламыз: 

1. Сан түрлі тақырыпта еркін қалам сілтейтін әмбебап журналист; 

2. Техниканың тілін жақсы түсінетін, «техно» тақырыбына жаза алатын адамды іздейміз. Бағдарлама жүргізу қабілетіңіз болса, тіпті жақсы. 

Журналистика саласында тәжірибеңіз болса, тамаша. Болмаса, жазғырмаймыз. Келіңіз, біз сізге үйретеміз, білгеніңізбен сіз де бөлісіңіз. Жасаған жұмысыңызға қарай, жақсы жалақы төлейміз! 
Шығармашылыққа бейім, креативті ойлайтын жанды қатарымызға қуана-қуана қабылдаймыз. 

Ұйымшыл ұжымда ел жастарының болашағы үшін еңбек еткіңіз келсе, түйіндемеңізді massaget.kz@gmail.com электронды поштасына "Болашақ әріптестен" тақырыбымен жіберіңіздер. Жас аралығы 18-30 жас. Бірақ, бұл жасыңыз одан үлкен немесе кіші болса, сізге жол жоқ деген сөз емес. Жас шектеуін қойған себебіміз, жаңаша ойлайтын, жасы шамалас маман іздеп отырмыз. Барлық сұрақтар бойынша +7 701 455 10 93 нөміріне xабарласуыңызға болады.

Болашақ әріптес, Массагет сені күтеді!