"Әділдік керек ғаламға..."

"Әділдік керек ғаламға..."
жеке
блог

Әділдік десе ең бірінші ойыма ұлы ғұламаларымыздың әділдік,шындық туралы қалдырып кеткен өсиеттері есіме оралады. Шынымен қарап отырсам, біздің ата-бабаларымыз әділдік деген ұғымға жақын болыптығо. Ең қиыны да, олардың ел үшін шырылдап жүріп, елге әділдік орната алмай кеткендері... Сол себептен де шығар, ел үшін, жер үшін шыр-пыр болғандарыда... Ал мен ойлаймын менде сол кісілердің заманында өмір сүргендеғой деп. Ол әрине менің қазіргі мына заманға қарап айтқан өкінішім болатын. Бірақ шыныменде әлем былай тұрсын, біздің өз қазақ елімізде әділдіктің иісі де шықпайды. Өкінішті. Еліміз Тәуелсіз алғалы бері әділдік туралы басқа туралы да айтылып келе жатқан сөздердің іс жүзінде емес, жәй ғана сөз жүзінде орындалып келе жатқаны тағы да өкінішті. Иә, біздің еліміз әділдіктен тым алыс. Себебі азу, қанау, жабайылылық, әділетсіздік, бір-бірін тонау дегеннің бәрі біздің елде күн сайын орын алатын жағдайға жетті. Бір-бірінің пікірін тыңдамау, бір-бірін сыйламау, бір-бірін өлтіру, жауласу бәрі-бәрі біздің елде ғана бар. Біздің елде әділдікті ақшаға сатып алудың өте оңайлылығын айтсаңшы?! Иә, осы орайда "ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда" деген сөз есіме оралады. Бізде заң бар, бірақ әділдігі жоқ. Сонда бұл қандай мемлекет? Заңы бар, прокуроры бар, полициясы бар, бірақ соның бәрінің әділдікке шамалары келмейтін? Әлде басшыдан ба? Жоқ, бірақ басшы бәрін сілтеп отырушы ғана ғо. Ал орындайтын мына төмендегілер. Ал сол басшыдан кейінгі басшылар, яғни министрліктегілер не істеп жүр? Ешқандай тындырып жатқан шаруалары жоқ. Нағыз әділдікке жақын болуға тиісті адамдар солар емеспе? Ал оларға бәрібір, қаласа бәрін сатып алады, қаламаса баяғыша шетелге қашады. Тек креслода аппақ киініп отырғандарына мәз. Біздің елде әділ,адал,халыққа жақын болсаң, келесі күні өмірде жоқсың деген сөз... Сондықтанда  ойлаймын, адамдары, халқы әділ болса, елде өмір сүргізбейтін жағдайға жеткізетін болса, бұл елден әділдік деген ұғымның атыда естілмейтіні анық...