Бейтаныс ҚЫЗ???

Бейтаныс ҚЫЗ???
жеке
блог

Автобустан әлгі қыз екеуміз бірге түстік. Түскен бойда, таныстығымыз автобустың ішінде бірге қалды. Өзгеріп шыға келдік. Бір-біріміз үшін көшедегі көп адамның бірі ғана болып қалдық. Бір-бірімізді мүлде көрмегендей үнсіз ғана өз жөнімізбен екіге айырыла бердік. 

Біраз жүргеннен кейін, әлгі қызға тіпті "рахмет" деп те айтпаптым ғой деп, кейін қайтып, жер асты өткеліне қарай беттедім де, әлгі қызға жете бергенімде:

-Рақмет!

Бейтаныс қыз:

-Не үшін? 

-Өзгелердей болмағаныңыз үшін... -дедім де теріс айналып кете бердім. Жолда "әлгі қыздың телефон нөмірін сұрау керек еді" ..........деп ойлап қоям,............мүмкін оның жігіті бар шығар?.......ия, Мүмкін.......

 

***

Келесі күні  аялдамаға жеттім. Біраздан кейін адамдар жинала бастады, кенет төмен қарай қарап қалсам, қарсы алдымда әлгі қара қыз тұр.

Тәйірі... Бұл әлгі... Расымен сол ма, әлде көзіме елестеп тұр ма? Бәлкім шалыс көріп тұрған шығармын?

Жоқ... Адаспаппын. Дәл өзі. Сол күні автобуста адал да, әдепті қыз екенін дәлелдеген жанашыр қыздың нақ өзі.

Жанына барсам ба екен? Не деймін бірақ? Привет, қалайсың? десем ше?.. Ол не дер екен? Сәлем! дер ме екен... Демесе ше? 

Демесе, ұят. Ұят болғанда қандай, позор болам ғой...

Дұрысы, тұра берейін. Сезбеген боп тапжылмай тұра берейін. О, несі-ей тормоз ұстап? Қашанға дейін осылай жүре бересің? Әлі күнге дейін жүретін бір қызың жоқ. Сұрбойдақ болудан жалықпадың ба? Давай ұялма........

Ішкі дауысым жанымды жеп барады:

"Бармаймын дедім ғой, бармаймын" 

Ақыры бармадым. Ол қыз да мен жаққа бұрылып қарамады. Мені іздемеді. Не деп іздесін? Ол тіпті, менің де дәл осы жақта тұратынымнан бейхабар емес пе?..

Келесі күні аялдамада әлгі қыз болмады, сол қызды көрген сайын жүрегім әлдебір сезімге бой алдыра береді. Не бұл? Махаббатымды таптым ба? Бұл шынымен тағдыр ма? Жүрегімді дір еткізген шоқты қанша түншықтырып тастағым келсе де, оны ұмыта алмай келемін.......қайдасың БЕЙТАНЫС ҚЫЗ????


Мейіргүл Ұшқын!!!

Мен болсам сіздей ару үшін осылай ойлар едім....ыакп


ккк