Қиялды фотоаппаратымен ұштастыра білген ұстаз

 Қиялды фотоаппаратымен ұштастыра білген ұстаз
жеке
блог

Осыдан бұрынғы блогта (https://massaget.kz/blogs/24319/)  швейцариялық азамат «фотограф-әке»-Джон Вильгельм жайлы жазған болатынмын. «Мұндай тамаша туындылар шетелде ғана туады»-деген ойдан аулақ болыңыз. Біздің елімізде де Джон Вильгельмен асып түспесе кем түспейтін азамат бар.

                 Билал Арслан-Түркия елінің тумасы, Қазақстанда тұрғанына 8 жылға жуық уақыт болып қалған. 2009 жылы Косово университетінен тәмәмдаған соң Өскемен қаласына келеді. Қаладағы Nurorda мектеп-лицейінде түрік тілінен сабақ беріп жүріп, суретке түсіруге деген қызығушылығы ояна бастайды.

    «Маған фотоаппаратты ұсынып, суретке түсіре бастадым. Осыған дейін тек телефонға түсіріп жүргендіктен, кәсіби құралды меңгеру қиындау болды. Суреттерімді көрген адамдар күлетін, бұл менің намысыма тиіп, бұл өнердің техникасын меңгере бастадым»-дейді ұстаз.

Кәсіби фотограф болумен қатар, Photoshop-тың қыр-сырын үйрене жүріп, 2013 жылы Астанадағы лицейге ауысады. Жаңа мектебінде қызығушылық танытқан оқушыларына сабақтан соң курс өткізіп, тәжірбиесімен бөлісіп отырады. Бір қуантарлығы-алтын уақыты үшін «көк қағазды» мүлдем алмауы.

Суреттерге назар аударып, көңіл көзімен қарасаңыз өзекті мәселелерді жеткізіп тұрғандығын байқайсыз. Түркиялық фотограф-ұстазды өзінің оқушылары мен астаналықтар шабыттандырады екен. Араларыңызда суретке тек Instagram үшін түсіп қоймай, ерекшелігімен елді тамсандырып жүрген жандар бар ма екен?

 

Бұл суретте әлеуметтік желілердің құлдығынан шыға алмай жатқан адамды көрсеткісі келген секілді.

Оқушылардың мұғалімнінен "GOOGLE-ағайларын"-ың білімін дұрыс көретіндігі де шындық.

Кітап оқыған сайын "биіктей" түсесіз.