Бір түйір ой

Бір түйір ой
жеке
блог

Үндемеймін

Іздемеймін

Қайтемін?

Жалған бояу өтірікке малынған

Қажет емес ауыртатын асынған

Жанды жейтін бар мазаны алатын

Сезім деген бұл сұмдықты қайтемін?

Ой мен жүрек арпалысып шаршады

Жаным менің күнмен бірге батады

Ай туғанда көзге жастар тығылып

Жүрегімде бір алып мұз қатады

Өтірік де, сенбе маған, күл маған,

Жақсы сөзбен жібімейді бұл санам

Бүгін от боп шарпысам да, бір күні

Жүректегі сезім өшер сол күні.

Шын айтарым, бар айтарым осы сөз

Сезім жоқ та өшеді екен жүрек, көз

Жанардағы бар сәулені жоғалтып,

Алғанымды кеш ұққанға санам төз!

Қажет емес,

Мен мықтымын!

Мен саумын!