Өскенде кім боламын?

Өскенде кім боламын?
жеке
блог

Бала кезімде"Өскенде кім боласың?"-десе,ойланбастан сәби көңілмен,басымды тік көтеріп тұрып,"Әнші болам!","Мұғалім!",жоқ,xалықты емдейтін дәрігер болам!"деп жауап беруші едім.Бәлкім одан басқа мамандықтың бар екенін білмегеннен де шығар,ата-анамыз не айса соны орындап,кішігірім нәтижесіне мәз болып жүре беріппіз.Аузымыздан шыққан сөздің салмағын ұғып-түсінбесек те,әйтеуір елге пайдасы бар екендігін білетінбіз.Бала қиялдың құдіреттілігі де осы шығар.Жүрегімізді тазалық пен жылулыққа толтырып,өн бойымызға руx бере айтқаннан кейін,әрине бұл сөздер бар ғұмырымызды шешетіндей көрінетін.

 Көшедегі достарымды жинап алып,сабақ өтіп,өзімше"ұстаз"болып:

-Қожабеков!Тұр орныңнан!Бүгін неге сабаққа дайын емессің?"-деген зілді ұрысым,қолыма кез-келген затты ұстай қалып,айнаның алдына тұрып ән салғаным әлі есімде.Қуыршақтарымды емдегенде,өзімді құдды бір ең тәжірибелі ақ xалатты абзал жандай көріп,анамды,әкемді қоса емдеп,"деніңіз сау екен!"-деген сөздерді кеше ғана айтқандаймын.Қарап тұрсам,міне,ол кездерден бері де біраз уақыт өтіпті.Есейіп,ес жиып,ақ пен қараның,ащы мен тұщының ара жігін ажыратуға шамамыз келеді.Болашаққа деген сенімді,нақты қадам жасайтын сәттің де ауылы алыс емес.Кез-келген бір қателік-барлығын құртуы мүмкін.Сондықтан дәл қазір менің санамды мазалап жүрген сұрақтардың жауабын табуға тырысып көрмекпін.Баяғыдай дереу жауап бере алмасам да,барлығын ой-елегінен өткізіп,нақты шешім қабылдаймын деген ойдамын.

-Ендеше,кеттік!Әліп Тоғжан,жалпы мамандық деген ұғымды қалай түсінесіз?

-Мамандық-ол бір өз алдына үлкен әлем.Ал маман сол әлемнің қонағы.Егер бабын тауып,сол әлемге жан тәніңмен берілсең,күндердің-күні қожасына айнала аласың.Мамандықты бөліп жару мен үшін өте қиын.Әрине,қай-қайсысын алып қарасаң да жаман емес.Барлығы өз дәрежесінде шыңдардың шыңын  бағындырған үлкен асу.Шыға алатыны бар,жарты жолдан құлайтыны бар,тайып кетіп,күш жинап,қайта тұрып,мақсатына жететіндері де бар.Мінекей,нағыз мамандар-осы кісілер деп түсінемін.

-Ал саған сонда қандай әлем ұнайды?

-Соны өзім де түсіне алар емеспін.Ойымды жинақтау қиынға соғып жүр.Бірақ бір білетінім,қоғамды жөндей алатын,пайдасы бар,күні-түні жұмыс істесем де жалықпайтындай әлемге енгім келеді.

-Ал өзің қалайтын мамандық жоқ па?

-Бәрі өз қолымда.Егер қаласам,дәл қазір-ақ бастап кетер едім.Бірақ не қалайтыныңды білмеген қиын екен.

-Қабілетің қандай мамандыққа жетеді деп ойлайсың?

-Негізі әдебиетке жақынмын.Белгілі бір тақырыпқа актуалды түрде ізденіп,жоба қорғағанды жаным сүйеді.Соған қарағанда,тілге  жақын мамандық иесі болармын.

-Хмм,мәселені шешіп келе жатқандаймыз.Ал бұл жайлы ата-анаңмен,достарыңмен сөйлестің бе?

-Әрине,олардың да пікірі мен үшін өте маңызды.Барлығынан сұрап шықтым десем де болады.Олар жол көрсетіп,мені қандай жағдай болмасын қолдауға дайын.Бірақ шешімді қабылдайтын,ол әрине-Мен.

  Анамның айтуынша,ұстаздық маған жарасады екен.Ол жағын да қарастырып көрдім.Бірақ білмедім,ол мені өзіне тарта алмады ма,әлде мен тартыла алмадым ба,неге екенін,үзілді-кесілді жауабым жоқ болды.

  Ал достарым менен болашақ ақын я болмаса  жазушы тұлғаны көреді екен.Бірақ мен өзімді олай елестете алмадым.Өйткені кез келген жерде өлең шығарып,суырып-салмалыққа  салыну қолымнан келмейді.Тек тыныш жерде,көңілімнен шығатын тақырыпқа ғана қолыма қалам алатыным бар.Сондықтан бұл шешіммен де келісе алмадым.

-Бәлкім,журналист боласың.Өйткені барлық қабілетің осы мамандыққа келіп тұрған секілді.

-Шынымен де,неге мен бұл жайлы ойланбағанмын?Бірақ,бұл қиын ғой?

-Қиын болса не болыпты?!Осы адамдар,сендер қызықсыңдар!Бір істі бастамай жатып,әрқашан жаман жағын ойлайсыңдар.Әрекет әлі болған жоқ,бірақ нәтижесін шығарып қоясыңдар.Жан дүниелеріңді үрейге толтырып,сенімділікті өз қолдарыңмен өшіріп,нақты қадам жасаудан жасқанасыңдар.Неліктен?Неге?Егер жүрегің қаласа,мақсатың айқын болса,кез-келген қиындықты жеңе аласың!Сол үшін тек өзіңе сен,алдыға ұмтыл,тоқтама!

-Әрине,раxмет саған.Бүгіннен бастап кірісемін.Міне нақты жауабым:"Мен өскенде журналист боламын!"Алақай!Таптым,таптым қалағанымды!Қалай қуанып тұрғанымды білесің бе?Құдды жүрегім кеудемді жарып шығардай,дүрсілі қаттырақ естіліп,тұла бойым энергияға тұнып тұр.Ендеше,кеттім,мен өз жұмысымды бастайын.Маған сәттілік тіле!

-Әрине,Жарайсың!Міне,мен білетін арманы мен мақсаты бір қыз осы!Журналист бол!Сәттілік жолдасың болсын!

 

Журналистикаға таңдау түсуі оңай болған жоқ.Бірақ бар түсінгенім,қандай жағдай болмасын,жан дүниеңе, ішкі сырыңа құлақ түр.Сонда ғане не қалайтыныңды біле аласың.