Адамзатты бағындырған...

Адамзатты бағындырған...
жеке
блог

Қазіргі кезде әлеуметтік желіне пайдаланбайтын жандар аз емес, еңкейген қариялар мен еңбектеген балаға дейін. Кеудесінде жаны бар адамды, жаны жоқ, жады бар техниканың жіпсіз байлаған заманы. Соның ішінде көп қолданыста, жастардың ден көпшілігі отыратын «Instagram» желісі.

«Instagram» әлеуметтік желісін 2010жылы 6қазанда Сан-Францискода – Кевин Систром мен Майк Кригер дайындаған. 2012 жылы әлемде «Instagram» қолданушылары айына орта есеппен 257 минут отырған. Ал 2014ж наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 млн-ға жеткен. Арнайы деректерге суйенсек қазіргі таңда «Instagram» желісіне әр секунд сайын 58 жаңа фото жүктеліп отырады.

Ғаламтордың пайдасы мен зияны қаншалықты басым? Мәселен, «Instagram» – жастардың әлеуметтік желісі, пайдасы жаңа ақпараттар алу, жұлдыздар өмірінен хабардар болу, жақсы, керекті нақыл сөздерді оқу және тәжірбие жүзінде дұрыс қолдана білуге бағыттайды.

Пайдасымен қоса зиянынды тұсы да баршылық, мысалы  – шет елге еліктеген жастарымызды шешіндіретін, алтын уақытыңды ұрлайтын, өзге ұлттың дәстүрін бойыңа сіңіретін тұсы да қаншама. Әйтсе де, ғаламторды дұрыс пайдалана білетін жан үшін таптырмайтын құрал.

Әлеуметтік желі заман талабы, егер ғаламторға кірмейтін болса біз өзге елдің жаңалықтарынан хабарсыз болып, бәсекеге түсе алмас едік. Ал қажетті мәліметтерді алу, қажетсіз мәліметтерді жадына сіңірмеу адам баласының санасына байланысты. Сананы дұрыс бағыттаған әр азамат уақыттан да, өмірден де ұтылмақ емес.

 

Семей қаласы, Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік университет студенті
Лашын Сымбат.