Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бақытқа бастар 100 алғыс

Бақытқа бастар 100 алғыс

Бақытқа бастар 100 алғыс

  

        Алғыс айту...Бұл екі сөздің өмірімізге қаншалықты бақыт әкелетінін білесіздер ме?

        Жақында бір кітаптан 100 алғыс жазу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз деген кеңесті оқып қалдым. Содан алғыс жаза бастадым. Жазғандарым 100-ден асып кетті. Тіпті жаза берсең көп. Тек біз көп нәрсені байқамайды екенбіз. Мен осы күнге дейін алғыс айту біреу көмек берсе немесе біреу біз үшін бір нәрсе жасаса соған айтатын рахметіміз деп келдім. Бірақ жазған алғыстарымнан кейін алғыс айтудың қаншалықты адамды бақытты етіп, өмірімізге қуаныш әкелетінін түсіндім. Алғыс айтудың көп пайдасы тиеді. Себебі осы арқылы айналаңыздан тек жақсылық іздеп тұрасыз. Алғыс айту – ең бірінші Жаратушымызға барлығы үшін рахмет айту. Осы өміріміз үшін, бізді аялап өсіріп жатқан ата-анамыз үшін, жеп жатқан тамағымыз үшін, киген киіміміз үшін, айналамыздағы барлық адамдар үшін т.с.с. айта берсек көп. Менің түсінгенім өмірімізде болып жатқан әр сәт үшін, болып жатқан жағдайлар үшін Жаратушымызға алғыс айтып отырсақ, бізге Алланың берері одан да көп болмақ. Алғыс айту арқылы өзіңіздің қандай бақытты жан екеніңізді сезінесіз. Кейде адам болғасын неге бәрі біз ойлағандай емес, қиындық неге келе береді деп қынжыламыз, бірақ сол жағдайдың жақсы жағын іздеп, жақсылық күтсеңіз, міндетті түрде бақытқа кенелесіз. Мен мысалы осы блогты жазуға мүмкіндік берген Аллаға алғыс айтамын. Таңертең ұйқыдан тұрғанда алғыс айтып бастаймын.

         Өмірде басынан түрлі жағдайлар өтіп жатқан қаншама адамдар бар. Соларды ойласам, өзімнің қаншалықты бақытты адам екенімді сезінемін.  Бұл маған Алланың берген сыйы деп қабылдаймын. Сонда ғана өміріміз жеңілдей түседі. Біздің бұл өмірден қалайтынымыз бақытты болу емес пе? Сондықтан  бақытты болудың бір жолы – алғыс айту.

P.S.Сіз қалай ойлайсыз оқырман? Жиі алғыс айтып тұрасыз ба?

 

4
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 10 ақпан 2018, 21:35
Тегтер: алғыс айту, бақытты болу

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.