Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Таныссақ, танысайық!

Таныссақ, танысайық!

Таныссақ, танысайық!

Сәлеметсіздер ме? Жаңа апта жақсы жаңалықтарға толы болғай!

Бұл таяқшаны кезексөз басталғалы күткем сарылып, сарғайып. «Ешкім қолыма ұстатпады-ау» деп күдерімді үзе бергенімде Ауылбайский Жігіт пайда болды да таяқша лақтырды («Таныспыз ба?» деген жазбаның пікірлерінің  арасында деп сілтеме жасай кетейін))) Онда да өзім сұрап алған сияқты болдым ба, сондай. Қой, тойда сөз бермей қойғаны үшін өкпелеп қалатын үлкендер сияқты болмай, танысуды бастайын!

1.Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Мен Әбілханның немересі, Мараттың қызы – Ақеркемін. 1993 жылы сәуір айының жиырмасында ОҚО Түлкібас ауданы Жаскешу аулында дүниге келгем.

Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың болашақ үшінші курс студентімін.

Мамандығым – Филолог.

2.Хоббиің не?

Хоббиім бе? Ммм...Басқалар секілді белгілі бір заттардан коллекция жинауға ебім жоқ. Былтыр театр, темір жол, квн сияқты концерттердің билеттерін жинап жүрген ем. Одан дым шықпады да, шашылып кетті. Бос кезде табиғат аясында серуендегенді, жансыз табиғатпен "сырласқанды" ұнатамын.


3.Қай елге саяхат жасағың келеді?

Өз елімнің барлық өзен-көлдерін, өзге де өңірлерін, тау-тасын, ештеңе қалдырмай түгел аралап шыққым келеді. Содан соң Араб елдеріне және Приждің жауынының астында жүргім келеді.


4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Осыны ойланып көрмеген екем... Қайтадан адам, қайтадан Әбілхан Ақерке болып келер ем))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

«Алла қаласа», «Аллаға шүкір» сынды тіркестерді көп қолданам. Солай айтпасам орындалмай қалатын сияқты болады да тұрады. Онсыз да алдыңғы өміріміздегілердің бәрі Аллаға ғана аян ғой. «Бір жамандықтың артында бір жақсылық тұрады» деген сөз ұнайды. Дегенмен жамандықтың артында тұрған жақсылық келген соң, оның артында тағы бір жамандық тұрарын тағы да ойлап қоямын. Сонда да осы нақыл ұнайды. Егер бір жайсыз жағдай бола қалса, осымен өзімді де өзгені де жұбатам.

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

Есімде емес, ол баяғыдаааа 11 сыныпта болған ғой... Қалай есте қалсын?))) (Өтірік айтам))))

7.Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Білмеймін, сенесіз бе? «Соны» деп айтайын десем, күмәнім бар...


8.Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Мұсылмандардың кумирі – Алла Тағала! Сүйікті әртісім – Аида Жантілеуова («Қызыл орамалды шынарым» Әсел)

Сүйікті әншім – жас әнші, құрбым Жансая.

Оның даусын кішкентайымнан тыңдап өскем. Жаскешуді жаңғыртады біздің Жансая. «Ол кім?»деп отырсыздар ма? Әзірге танымал емес, Алла қаласа, болашақта ол менің ғана емес, көптеріңіздің сүйікті әншілеріңіз болады.

9.Сүйікті спорт түрі?

Жаяу жүру), жүгіру,  баскетбол, т.б


10.Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

«Махаббат бекеті» Тамаша фильм ғой. Өте қаттыыыы жақсы көрем!

Оралды жақсы көрем))


 

11.  Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Отағасы, әрине! Ал мен оң қолы болам)


12.Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Тұрмыстық қажеттілікке  байланысты қаражат мәселесі үшін маған аз-маз беріп, мәз қып қойса болды. Қалғаны сол кісіде тұра берсін. Алып тұрам ғо))) Болмаса, ортақ қаражатты керегімізше еркін түрде пайдалауымыз үшін үй ішінен «банкомат» арнау керек сияқты.))


13.  Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Егер жұбайым болса, амал жоқ...

Ал сүйіктім болса, шығарып салам ғой))


Ауылбайский Жігіттің сұрағы: Осы Энштейіннің түрі жаман болған дейді, бірақ ақылында, талантында сөз жоқ! Егер қыздарға осы Энштейін секілді түрі жаман, бірақ талантты адам келіп, үйленуге ұсыныс жасаса сіздер қабылдаушы ма едіңіздер???

(нәп-нәрмәлні сияқты ғой))))

Менің жауабым: Мәселе әдемілікте ғана емес шығар. Егер ол жан маған бейтаныс болып, бірден келіп сөз айтса, келіспес ем. Ал бұрыннан бауыр басып қалған адамым болса, онда ақылдылығы үшін келісетін шығармын. «Жаны әдемі болса болды да» деген шешімге келдім, ойлана келе. Қайтем енді, басыма жазғанын көрем де...)) десең да)) Бірақ ол білімдімін деп шалқайып, ақылдымын деп  аспандап, дарындымын деп далбасалап кетпесе болды))

Кезексөз иесіне сұрағым: Өмірде жақсы адамдар бар ма, болған ба? Кімдерді осындай адамдардың қатарына жатқыза аласыз? Жалпы, сіздің санаңызда "жақсы" сөзінің астарында қандай қасиеттер жатыр?

Таяқша үшін Ауылбайский Жігітке рахмет айтам! Осы дәстүрді жалғастыра келе, кім осы кезексөзді жазған жоқ, сол таяқшаны алсын да, жалғастыра берсін! Таныса берейік!

3874 35
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 18 маусым 2012, 17:34
Пікірлер
+0
18 маусым 2012, 18:21

мұсылмандардың кумирі - Алла тағала ! тамаша + 10000000000000000000000000000

+0
18 маусым 2012, 18:25

мен алайыншы таяқшаны ? Ақерке қарсы емессің ба?

+0
18 маусым 2012, 18:28

жарайды, ала қойыңыз! Жазбаңызды күтеміз! ;)

+0
18 маусым 2012, 18:35

рахмеееет))

+0
18 маусым 2012, 22:42

Сен екеуміз ұқсаймыз... :roll:

+0
19 маусым 2012, 01:41

рас па? :)

+0
19 маусым 2012, 08:49

Қалқатай, өзіңді де жақынырақ танып қалдық)

+0
19 маусым 2012, 08:56

ооо!!! Акерке, керемет! Суреттермен әсемдеп жазыпсың, Жазбаң, өзің жайлы ақпарат 100% ұнады!!! Қазақтың нағыз ҚЫЗЫ екенсің. Сағанда Үлкен Рахмет!!!! :ugeek:

+0
19 маусым 2012, 10:54

рахмет, ал жауабыма қанағаттандыңыз ба? :)

+0
19 маусым 2012, 11:02

Өте, өте!!! Иманды қыз екеніңіз қуантарлық екен!!! :ugeek:

+0
19 маусым 2012, 11:06

ммм... ал Эйнштейн нәп-нәрмәлні болған секілді жас кезінде :D

+0
19 маусым 2012, 11:10

Сөз жоқ)))))))))))))))))

+0
19 маусым 2012, 10:23

Сенің Махаббат бекетін ұнататыныңды білмеген екенмін! Жақсында сол фильмді алып едім, кешке бірге көрейік (Таныстықтың құрметіне))))))

+0
19 маусым 2012, 10:55

Алла қаласа ;)

+0
19 маусым 2012, 10:23

:D Жансая атты сүйікті әншіңді танымайды екенмін... ол кісіге де айтсаңшы массагетке тіркеліп өзін таныстырсын.... бәлкім сенің сүйікті әншің өзгенің де сүйікті әншісіне айналар... Әрине егер өнерлі болса,....

+0
19 маусым 2012, 10:56

айтайын, жақсы... Әрине, өнерлі. Ерекше дауысқа ие!

+0
19 маусым 2012, 10:26

ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ.... охоооо керемет қойылым... Шыңғыс Айтматовтың туындысына жан бітірген Талғат Теменов ағамыздың еңбегі... актерлардың керемет ойнауы....ертен яғни 20-маусымда болады.... бірге барайық барлығымыз....... ;)

+0
19 маусым 2012, 10:58

жақсы болар ед :D

+0
19 маусым 2012, 10:51

е, Ақеркемін де....

+0
19 маусым 2012, 11:58

Сіздер Ақеркенің сахнада ойнағанын көрген жоқсыздар ғой...Нағыз сезім мен сұлулық сонда, нағыз Ақеркені көресіздер көрсеңіздер..

+0
19 маусым 2012, 12:27

Ұялтпаңызыңшы мақтап :oops:

+0
19 маусым 2012, 12:48

ой мен бұл қыздың анкетасына қарап сынып қалдым :oops: :oops: :oops:

+0
19 маусым 2012, 12:45

Осы мен бейбақ "Махаббат бекетін" әлі күнге көрмеппін. Жігіттің умопоморачительный көзқарасына қарап, талдым )

+0
19 маусым 2012, 14:19

қай көзқарасты айтасыз?

+0
19 маусым 2012, 14:20

ал "Махаббат бекетін" көруге асығыңыз

+0
19 маусым 2012, 14:48

Әп-әдемі, сүйкімді қыз екенсің өзің. "Махаббат бекетін" мен де жақсы көрем. Мектепте оқып жүргенде Орал бейнесіне мен де ғашық болғам)))

+0
19 маусым 2012, 15:13

красавчик қой Ақерке қыз уау)

+0
20 маусым 2012, 09:14

Мейірімді, жақсы адамдар көп қой, соның бірі өзіңсің. ;) Жақсы жазыпсың, бүгінгі қойылымнан қалма. :)

+0
20 маусым 2012, 12:40

рахмет,

+0
06 шілде 2012, 01:45

вообще күшті жазыпсыз) танысқаныма қуаныштымын)

+0
06 шілде 2012, 20:05

мен де, Светлана!!! ;)

+0
06 шілде 2012, 05:03

Танысқаныма қуаныштымын. Қызықты. Әсіресе суреттермен жақсы сөйлетіпсіз, ол көбінің қолынан келе бермейді. "Дегенмен жамандықтың артында тұрған жақсылық келген соң, оның артында тағы бір жамандық тұрарын тағы да ойлап қоямын" бұлай ойлағаныңыз мені ерекше қызықтырды. "Махаббат бекеті" маған да ұнайды, қанша көрсем де жалықпайтын едім сол фильмнен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев