«Жетістікке жетер жол»

«Жетістікке жетер жол»
жеке
блог

Жетістікке қалай жетеміз? Менің жетістігім қандай? Осы мәселелерді талқылау үшін Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бұл форматында өткен кездесудің жастарға берері көп. Өз салаларында жетістікке жеткен, Маңғыстаудың белгілі жастары мен қоғамға танымал азаматтары жастармен еркін әңгімелесу жүргізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастар жаңаша ойлау қабілетін арттыратын, жаңа заманауи бәсекелестік тудыратын кәсіби сананы қалыптастыру үшін кеңестерін берді. Кездесуге келген белгілі тұлғалардың ішінде облыстық мәслихат депутаты, «Forte Bank» АҚ Ақтау қалалық филиалының директоры Аббат Жәңгірханұлы, жас кәсіпкер, «Stroim Aktau» құрылыс компаниясының директоры Ринат Бикмухамедов, бокстан әлем чемпионы Ердос Жанабергенов та бар.

         Депутат өзінің алғашқы еңбек жолдарын, басынан өткен қызықты оқиғаларын мысалға ала отырып, жастарға табысқа жетуге жоспар құра білу, жетістікке жетуге асығыстық жасамау қажеттігін айтып, ғылыммен айналысуға шақырды.

         Кәсіпкер Ринаттың да айтары көп. Бүгінгі таңда кәсібін бастап жатқан жастар тез кәсібін тоқтатып жатады. Олар табысты қысқа уақыттың ішінде табуды көздейді, сабырсыздық танытады, шыққан шығынын қайтара алмай жүреді. Бұл жоспарсыз, жүйесіз бастаған кәсіптің зардабы екенін түсіндірді.

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кешегі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында – орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау туралы тоқталып өтті. Әлем қарыштап дамып жатыр, біз де жан – жақты дамып, дамыған елдердің жастарымен бәсекелесуіміз керек.

         Жиынға Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген, жастар басқармасынан да өкілдер қатысып, мектеп басшылығы ұжым атынан «Жас Отан» жастар қанатына алғыстарын жеткізді.