Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета. Сериалдар

Эстафета. Сериалдар

Эстафета. Сериалдар

Менің сериалдарға деген махаббатым ерекше. Бәлкім тіпті тұқым қуалаушылық па деймін кейде. Өйткені менің атам да, әкем де сериал қарайды. Әсіресе түрік сериалдарын сүйіп қарайды. Тіпті сентименталды кадрларында көз жастарын сығып алғандарын да көргенмін. Біреулеріңізге бұл ұят нәрсе шығар, бірақ мен бұдан ұялмаймын, адам басқа адамның қайғысына ортақтасып, жүрегімен сезіне алады. Менің ойымша, бұл жақсы қасиет. Әрі сондай мезеттерде іште жатқан өз мұңын да сыртқа шығарып алуға жақсы мүмкіндік.

1. Бала кездегі сериал

Мен бесіктен белім шыға салысымен сериал қараған шығармын. Ес білгелі сериал қарағаным есімде. Дәл кешкісін «Изаура» басталады, оны таңертең қайталайды. Бірақ ол сериал кезінде әлі кішкентай болсам керек, әйтеуір жүріп жатқаны есімде, ал не туралы болғаны есімде жоқ. Жақсы бір көрген сериалым «Байлар да жылайды» және «Қарапайым Мария» шығар. Соларды кешкісін көріп, барлық сөздерін жаттап алатынмын, ал таңертең қайталағанда алда айтар сөздерін мен бірінші айтып отыратынмын. Апам үшін бұл мақтан болатын. Содан соң, бала кезде ең жақсы көрген сериалым «Чародеи» және «Во имя любви» болатын. «Чародеи» деген сериал әр сенбі және жексенбі көрсетілетін. Соны аптаның соңын күтіп, қатты қарайтын едік.

2. Қазір көріп жатқан сериалым

«Во имя любви» сериалын осыдан 2-3 жыл бұрын қайта қарадым. Есейген шағымда ол маған тіптен басқаша әсер етті. Нағыз өмірді сипаттаған сериал ғой. Әр кейіпкері бекер таңдалмаған, әр кейіпкерінің орны бөлек және актерлер де мықты ойнап шыққан. Оқиға желісі бізден мыңдаған километр шақырымда болып жатса да, бізді ортақ бір өмір байланыстырып тұрғаны мені қатты ойлантқан еді.

Корей сериалдарына деген махаббатым «Жүрегімде қалған күз» сериалынан басталды. Менің білуімше бұл Қазақстанда көрсетілген тұңғыш корей сериалы емес. Бірақ мен үшін тұңғыш болды. Әр сериясын көріп, егіліп отырып жылайтынмын. Кәдімгідей көздерімнен порша-порша жас ағатын. Осы сериал елімізде жақсы белең алған соң, телеарналар корей сериалдарын айналдыруды бастады. Қазір жаппай «Корей толқынымен» бірге толқындатып жүргенім осы.

3. Сериал желісіне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

Маған тым ұзақ етіп, оқиға желісіне қисынсыз сценарийлер қосып жіберетіні ұнамайды. Мысалы, аяқ астынан есін жоғалтып алу, өліп қала жаздау, комда жату т.с.с. Меніңше, бір ортақ оқиға желісімен қозғалу керек және логикалық түйіні болуы керек. Бұл жағынан жапондар әзірге алда. Әр сериалы 40-45 минутты құрайды және сериалар саны 10-11 болып келеді. Уақытты да көп алмайды.


Небір сериалдарды көрдік қой негізі. Әрбірін жазсам тым ұзақ, мыжып кетермін. Байқағаным бойынша, түрік сериалдарында үлкен проблемаларды қозғайды, мысалы, отбасы мәселесі, ажырасу, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, онда да әйелдер өмірі тәкаппар болып келеді. Корей сериалдары көбіне көп ғажайыпқа негізделген, адамдарды армандауға шақырады, нағыз махаббатқа сендіруге тырысады. Латын Америка сериалдары да түріктің ар жақ-бер жағы. Бірақ тым ашық. Ресей сериалдары ауыл мәселесін көп көтереді, ауылдан бейшара болып келеді, кейін көтеріледі деген сияқты... Жапон сериалдары тақырыптық болып келеді. Адамдарды бір нәрсеге баулиды, мысалы спортқа, биге, өнерге, жұмысқа және т.с.с.

Эстафета таяқшасын Монтиге беремін.

1994 0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 11 қаңтар 2012, 11:30
Тегтер: сериалдар, корей сериалдары, Просто Мария, Осень в моем сердце, Жүрегімде қалған күз, ерекшеліктері, сериал жайлы
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2012, 11:44

Мен бұрын көрген сериалдарым көп есімде қалмайды. Әйтеуір мынандай схемамен сериал көргем бразилия, аргентина, түрік, корей. «Во имя любви» маған да қатты ұнап еді.

+0
11 қаңтар 2012, 12:11

Маған да сериалда да, кинода да түкке қажеті жоқ артық сценалар ұнамайды. Мысалы, тіпті, жолға шығып, такси ұстап тұрғаны сияқты.

+0
11 қаңтар 2012, 12:23

Мен бесіктен белім шыға салысымен сериал қараған шығармын./ ))))))))))) ой не могу))))))
нау постағы бірде бір, сериалды қарамаптым :)
таяқша маған кепТ ;) менің өмірімде көп сериал тек Азия(Корей/Жапон) сериалдары шығар))))

+0
11 қаңтар 2012, 12:50

"Во имя любви" сериалын ВКонтактіде толығымен көре аласыздар. Қайта қарап шығыңыздар, өкінбейсіздер ))

+0
11 қаңтар 2012, 13:03

көргенмін. "Әнәу Әнтөниө не болдыласып" отыратын жарықтық апамның да көз жасын көлдей еткен өзінше бір әлем ғой бұл. Бір білгенім, әуестіктің түк те қажеті жоқ. Әйтпесе Юсуф боп кірпиязданудың, Торғай боп тәжікелесудің, Тони болып тымыраюдың, Бериван болып былықтырудың мақсатын осы кезге дейін бір түсінсемші. Қыртымбай өңшең.

+0
11 қаңтар 2012, 13:11

Мен де сол аргентина, бразилия, түрік, корей схемасымен көріп келгем. Дұрыс айтасыз, корей сериалдарында аяқ астынан есін жоғалтып, бәрін ұмытып қалу, сосын міндетті түрде қатерлі ісік ауруымен ауырады, балалары кішкентайынан ауысып кетеді , сосын... екі ғашықтың қосылуына ата-анасы қарсы болу сияқты осындай ұқсас кадрлар кездеседі.

+0
11 қаңтар 2012, 13:16

айтпақшы, "ба-баңқ!" деген сериалды ешкім айтпапты ғой.

+0
11 қаңтар 2012, 13:52

эстафета жақсекен. Во имя любви - лучший телесериал всех времен и народов! кілең секси адамдар ойнайды. сериал актерімен суйкімді!

+0
11 қаңтар 2012, 14:10

Балалық шақты еске түсіргендер Мария, Роза, Санта-Барбараны еске алатыны хақ. Сериал деген негізі жақсы. Тек мыжыма дүниелермен миды ашытады

+0
11 қаңтар 2012, 14:16

Оххх... Во имя любви... Корген адамдардын барлыгы гашык болган шыгар сериалга, Эдуардога или Эдуарда ма...)))

+0
11 қаңтар 2012, 15:00

Уот сол дұрыс, аз сериалы, жүйелі, уақыты да үнемді. Тәәк, көп кинолар еске түсіватр, енд Монтиді оқиық. ))

+0
11 қаңтар 2012, 16:11

Во имя любви!!! Күшті сериал еді!!!

+0
11 қаңтар 2012, 22:08

Оооо! Во имя любви!!!!! Менің бала кезімдегі ең жақсы көріп, есте қалған сериал ғой. Сосын, Жүрегімде қалған күз өте қатты ұнайды. Қазір корей сериалдарын қатты қызығып көре алмаймын))

+0
11 қаңтар 2012, 23:11

... кішкентай кезде анау аргентина бразилия сериалдарын карайтынмын, бірақ көбі ұмытылып қалыпты, "Во имя любви" сериалын үзбей көрдім десем болады, ал "Жүрегімде қалған күз" сериалының ең соңғы сериясы болатын шақта свет өшіп қалып ))) со беті көре алмай кейін қалаға келгенде бір-ақ көргенім бар. ал соңғы жылдарда мүлдем сериал қарамаппын :)

+0
12 ақпан 2012, 02:42

тагы 1 кызык,озиме кызык окига есиме тусип отыр.Сериал басталады арада 10-15 кун, серия откенде ишиндеги 1 адам авариядан кайтыс болу керек болады,бирак ол адамнын кайтыс болугы тук желанияси жок.Омирде шындыгында олип калам егер сериалдагы уакытымды узартпасандар дейди.Байкустын шыр-пыр болатыны жануясын асырау керек екен.))Сомен не керек байкус олип калмасын,кунасин биз котермеик деп...узартады...))аяк-астынан комага кетеди:D)))))

+0
12 ақпан 2012, 02:53

Менин ойымша сериалдар адам омиринде оте манызды роль аткарады деп ойлаймын.Сол ушин дурыстап тусируили керек.Оте инабаттылык,жан-жактылык жагынан 1-ши орынга Корей елинин сериалдарын коям.Сонын ишиндеги карым-катынасты айтам,ата-атасына лам-мим демеу,тендик дарежеси,уакыттарын жуйели откизу(киимдери безобразный болса да).Казирги Туркия елинин сериалы маскара анасынын жигитин кызы да жаксы кореди.Коргин келмесе де ,уйге барганда коресин,ойткени уй- ишиндегилерге унайды.Зорлык-зомбылык,паракорлык, быт-шыт нервиси ауырып битеди адамнын,сонын барин осы ортада корип журмиз,уйге барып контр. удар кетеди.Анам Саваш олди дегенди естигенде, ауырып калып ед))Жакында Алматы каласынын акими Есимов мырзамен кала тургындарынын кездесуи болганда осы сурак талкыланып еди.Кыз бала тарбиелеп отырмыз,мына турик сериалдары бале болды деген.(сурак кыскартылды))Озим унатып корген сериалым:Ыстык уя))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев