Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚ БОЛАЙЫҚ,АРУЛАР!!!

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚ БОЛАЙЫҚ,АРУЛАР!!!

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚ БОЛАЙЫҚ,АРУЛАР!!!

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ДЕГЕНДЕ КӨЗ АЛДЫМЫЗҒА  ҚОЛАҢ ШАШТЫ, ҚАРА БОТАДАЙ КӨЗІ МӨЛДІРЕГЕН ҚЫЗ ЕЛЕСТЕЙДІ ЕМЕС ПЕ?! ИБАЛЫ , ИНАБАТТЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАШАН ДА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ НАМЫСЫ-МАҚТАНЫШЫ ЕКЕНІ АНЫҚ. КЕЙДЕ ОСЫНДАЙ АРУЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕЛ АЛДЫНДА МӘДЕНИЕТСІЗДІК ТАНЫТЫП ,БЕЙ-БЕРЕКЕТ БОҚАУЫЗ СӨЗДЕРДІ АЙТЫП, АУЗЫНА САҒЫЗЫН ШАЛПЫЛДАТЫП ШАЙНАП, АШЫҚ-ШАШЫҚ КИІНІП , ОСЫНДАЙ ТҰРПАЙЫ БЕЙНЕДЕГІ  ОЛҚЫЛЫҚТАРЫН КӨРГЕНДЕ ІШІН АШЫП, ЖҮРЕГІН СЫЗДАЙДЫ.
АЛЫСТАН МЫСАЛ ЕТПЕЙ, КЕШЕ ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРГЕН ОҚИҒАМНЫҢ ӨЗІ МЕНІ ЕСЕҢКІРЕТІП ЖІБЕРДІ. 4 ЖЫЛ БІРГЕ ОҚЫҒАН ҚҰРБЫМНЫҢ ТУЫЛҒАН КҮНІН АТАП ӨТУГЕ ҚАЛА ІШІНДЕГІ КАФЕЛЕРДІҢ БІРІНЕ КІРІП, ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫП, БИ БИЛЕП КӨҢІЛ КӨТЕРІП ОТЫРҒАНЫМЫЗ ОСЫ ЕДІ, БІР УАҚЫТ КАФЕ ІШІ ШУЛАДЫ ДА ҚОЙДЫ. БӘРІНІҢ КӨЗІ БІР-БІРІН ТЕПКІЛЕП, "ХАЙУАНДАРША"  АЯМАЙ ШАШТАРЫН ЖҰЛМАЛАП, ТЫРНАП, БЕТ ЖҰЛЫСҚАН ЕКІ ҚЫЗҒА ТҮСТІ. ЖЕРДЕ ДОМАЛАП ЖАТСА ДА БІР-БІРІН АЯР ЕМЕС. ЖІГІТТЕР БОЛСА МҰНШАЛЫҚТЫ ТАНЫРҚАМАС ЕМ, ҚЫЗ БАЛАСЫ ҒОЙ. ӨЗДЕРІ ІШКІЛІККЕ ТОЙЫП АЛҒАН, АУЫЗДАРЫНА КЕЛГЕН СӨЗДІ АЙТЫП, БІР-БІРІН ЖЕРДЕН АЛЫП ЖЕРГЕ САЛҒАНЫ. ҰЯТ-АЙ, МАСҚАРА. ӘЛДЕ ДЕ ЖІГІТТЕР АЖЫРАТЫП АЛЫП ЖАТЫР, ШІРКІНДЕР СОНДА ДА ҚОЯР ЕМЕС-АУ.... СОНДАҒЫСЫ, БӨЛІСЕ АЛМАҒАНДАРЫ- БИЛЕП ЖАТЫП БІР-БІРІН БАЙҚАУСЫЗДА СОҒЫП КЕТКЕН. МҰНДАЙ АДАМ ЛЫҚ ТОЛЫ КАФЕДЕ БҰНДАЙ ЖАЙТ ОРЫН АЛУЫ ТАНСЫҚ ЕМЕС ҚОЙ. БІРАҚ БҰЛАР МАС БОЛҒАНДЫҚТАН "БАТЫР" БОП, КӨКІРЕКТІККЕ САЛЫНЫП, КҮШ КӨРСЕТІП ЖАТҚАНЫ ӨЗДЕРІНШЕ. БҰЛ ІСІМЕН ЕЛ АЛДЫНДА МАСҚАРА БОЛЫП ЖАТҚАНЫН ҰҒАР ҚЫЗДАР ЖОҚ, БІРІН АЖЫРАТСА 2ШІ БІР ҚҰРБЫСЫ АТЫЛЫП КЕП ЖҰДЫРЫҚҚА АЛЫП ЖАТЫР, БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА АҚЫЛ АЙТЫП ТОҚТАТАР АРАСЫНАН ЕСІ БАР БІР ҚҰРБЫСЫ ШЫҚПАДЫ, КЕРІСІНШЕ ӨРШІТІП, ӨЗДЕРІНШЕ "ОДИН ЗА ВСЕХ, ВСЕ ЗА ОДНОГОСЫ" БОЛҒАНЫ.....АҚЫР СОҢЫНДА КҮЗЕТШІЛЕРДІҢ СҮЙРЕЛЕП ШЫҒАРҒАНЫМЕН ТОҚТАДЫ МА ДЕСЕМ, СЫРТТА ТАҒЫ ДА "КОНЦЕРТ " КӨРСЕТІП ЖАТЫР СҰЛУ БИКЕШТЕРІМ! КҮЗЕТШІГЕ ҚЫЗ БАСЫМЕН АЙҚАЙЛАП ЖЕКІТ ЖАТЫР. ҚҰДАЙ-АУ О ЗАМАНДА, БҰ ЗАМАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАШАН ЕР АДАМҒА ДАУЫС КӨТЕРГЕН ЕДІ?! ОДАН ҚАЛА БЕРДІ, "МЕН ПӘЛЕНШЕНІҢ ҚЫЗЫМЫН НЕМЕНЕГЕ КІРГІЗБЕЙСІН" ДЕП АЙҚАЙҒА БАСТЫ. "ДӨКЕЙДІҢ ҚЫЗЫ " БОЛСА СОНДА ОСЫНДАЙ МАСҚАРА ЖАСАП, ШУ ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ ДЕГЕНІ МЕ ҚАЙ САСҚАНЫ?!
МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДІ СЫЗДАТҚАНЫ, ЖАДЫМДА САҚТАЛЫП КҮЙІНІП ОТЫРҒАНЫМ- ОСЫНЫҢ БАСЫ ҚАСЫНДА ЖҮРГЕН ҚЫЗДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҒОЙ..... НЕГЕ?! НЕГЕ МҰНШАЛЫҚ ТӨМЕНДЕДІК,ҚАЗАҚТАР? БҰЛ КІМНІҢ КІНӘСІ?!! ӘЛГІНДЕЙ "ДӨКЕЙЛЕРДІҢ" ЕРКЕТОТАЙЛАРЫНЫҢ КЕСІРІНЕН НАМЫСЫМЫЗ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛДЫНДА ТАПТАЛДЫ ЕМЕС ПЕ?! БҰҒАН АТА-АНА КІНӘЛІ МЕ? БҰЗЫЛЫП КЕТКЕН, ТӘРБИЕДЕН ЖҰРДАЙ ЖАСТАРДЫҢ ОРТАСЫ МА?! СОНДА АТА-АНА ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?! ҚАСЫНДА БОЛМАСА ДА ОСЫ ЖАСҚА ДЕЙІН ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ, ӨНЕГЕ БЕРГЕН?! МЕН ЖАУАБЫН ІЗДЕЙТІН ОСЫНДАЙ СҰРАҚТАР ӨТЕ КӨП.... БІРАҚ КІМ ЖАУАП БЕРЕ АЛАДЫ?!
ҚЫЗДАР, ҚАШАНДА НАМЫСЫМЫЗДЫ БИІК ҚОЯЙЫҚ,"НӘЗІК ЖАНДЫ" АТАУЫНА ЛАЙЫҚТЫ БОЛАЙЫҚШЫ! БІЗДІҢ ӘРБІР ӘРЕКЕТІМІЗ, ТЕРІС ҚЫЛЫҒЫМЫЗ ӘКЕ-ШЕШЕМІЗДІҢ  НАМЫСЫ ЕКЕНІН ҰМЫТПАЙЫҚ, АТА -АНАМЫЗДЫҢ ЖИНАҒАН АБЫРОЙЫН БІР СӘТТЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙЫҚШЫ. ТӘБИЕСІЗ, ЖЕТЕСІЗ ДЕГЕН АТАҚТАН ҚҰДАЙ САҚТАСЫНШЫ. АТА-АНАМЫЗ БЕРГЕН ТӘРБИЕМІЗДІҢ ЖЕМІСІ БҰЛ СӨЗДЕР БОЛМАСЫНШЫ. ҰЯТ ЕҢ БІРІНШІ СОЛ КІСІЛЕРГЕ КЕЛЕДІ. ҚАДАМЫМЫЗДЫ МЫҚТАП ОЙЛАНЫП БАСАЙЫҚ, ҚЫЗДАР!!!!

15
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 18 маусым 2012, 13:14
Тегтер: АВТОР-ҚАЗЫНА ӘБДІҒАПБАРОВА

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.