Жаңа мамандық атауларын білесіз бе?

Жаңа мамандық атауларын білесіз бе?
жеке
блог

Сәлем, жас ғалым! Сен ғылыми жобамен айналысып көрдің бе? Жаңа ақпараттық коммуникациялық бағдарламалар мен заманауи технологиялардың қарқыңды дамыған шағында пайда болып жатқан мамандықтардан хабардарсың ба? Жаңа мамандық атауларының тілдік ерекшеліктерін білесің бе?

 

Біз Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 10-сынып оқушылары Арапаева Меруерт және Төлеміс Мөлдір тіл білімі саласындағы «Жаңа мамандық атауларының тілдік ерекшеліктері» аттты ғылыми жобамызды таныстырғымыз келеді. Бұл тақырыптың қыр-сырына үңіліп, тереңірек зерттеп жүргенімізге жарты жылдан асты. Жоғары сыныпқа аяқ-басар алдында барлығымызды қандай мамандық иесі боламын деген сұрақ жиі толғандырады. Осы орайда біз жаңа мамандықтардың түрлерін топтастырып және жобамызды үш тілдік дағдыда, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазғанды жөн көрдік. Зерттеу жұмысының барысында оқырманға тиімді әрі түсінуге оңай болу үшін жаңа мамандық атаулары мен анықтамаларынан сөздік құрастыруға шешім қабылдадық. Әрине, бұл істің барлығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ғылыми жобамыздың жетекшісі Сәния Айболатқызы Дауталиеваның ақыл-кеңесімен жүзеге асты. 

 

Бүгінгі таңда біз ғылыми жобамызды одан әрі қарай жетілдіру үстіндеміз. Осылайша, біз ғылыми жұмыс жазуды үйреніп қана қоймай, мол тәжірибе жинақтап, бағыт бағдарымызды айқындадық.

P.S. Келесі блогтарда ғылыми жобамыздың мазмұнымен толығырақ таныстыратын боламыз. Айып етпеңіздер! Жалғасы бар...