Таныспыз ба?

Таныспыз ба?
жеке
блог
1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет:

Аты жөнім –Жандос!!! 1984 жылы Талдықорған қаласының, оның шетіндегі бір районның, сол районның округінің, округтегі бір ауылдың - ауылбайский жігітімін. Құдайым қалап, бір  «КазАТК» дейтін академияға түсіп, түсімде көрмеген «Алматы Шахарына» қалай келіп қалғанымды білмей де қалыппын. Кезінде ауылбайский тірліктерімен студенттердің мазағына қалатын жігіт, қазіргі уақытта типа «гламурный» болып, түзеліп, өзгерген түрі гой)))))))))))) Мына шахар адамды өзгертеді екен!!! Осылай жүріп, кейде қалада қыдырып, кейде лекцияда ұйықтап қалып, аман-есен ілініп салынып, бітірдік-ау бұл аты шулы академияны)))))))). Бітірісімен Алматыдағы бір ТОО компаниясы мені жұмысқа алып, қазір жұмыс істеп жүрген жайым бар.  Кім болып? Білмеймін, әйтеуір отырамын компьютерде, көбінесе агетте, массагетте))))))))))))))).

2. Хоббиің не?

Хоббиім біраз ауылға барып шөп шабу, трактор айдау, отын жару))))))))))

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Шығыс елдеріне Малайзия және БАӘ-не қатты  барғым келеді, бірақ қазір ондай мүмкіндіктің болмай тұрғаны, ақша керек дегендей)))))))))))

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Қайтадан ер адам болып келер едім, қыз болған ұнамайды, тууууу елестетудің өзі қандай жаман, бүртүрлі ғой, ер бала болғаныма мың да бір шүкір!!!))))))))))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

«Борись и никогда не сдавайся» - «Терминатор-1» фильмінде Арнольд Шварцнеггердің айтқан сөзі әлі есімде қалып қойыпты)))))

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Үйде әпкемнің кішкентай сәбиі бар еді, соны бір кезде көтеріп, ойнап жүргентұғынмын, кенет ол аузын менің аузыма жақындатып менің ернімді сүйіп жатыр, мен тым-тырыс, аң-таң,  сосын шыдамай «өй ұятсыз» деп, денем тітіркеніп, әпкеме апарым бердім, балаңыз ұятсыз екен деп қалжыңдап))))))))))))))))

Негізі ешкіммен ешқандай қызбен сүйісіп көрмеппін, әке-шешеміз солай тәрбиелегеннен болар? Бірақ, достарыма осыны айтсам, мазақ қылатындары рас, бірақ маған олар не десе де бәрібір. Әртеуір қыздарға және болашақ жарыма айтарым: сүйісу де, басқасы да «только после свадьбы»!!!

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Сол қазіргі таңда бұл сұрақ біз үшін «үлкен проблема» болып жүр. Статистика агентіктері «ойбай бір жігітке 4-7 қыздан келеді» деп зар қағып, бізді жұбатып қояды, біз мәз болып қаламыз, ее қыз көп екен ғой деп. Бірақ 28-ға келсем де әлі күнге дейін қызым жоқ әзірге. Қыз керек)))))))))))) Женгетайлар болса, жақсы қыз тауып берсе, қарызға қалмайсыздар!!!

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Менің АҒАМ!!! Ия, талдықорғандағы ағам - кумирім. Оның пысықтығы, еңбекқорлығы мені қатты қызықтырады.

9. Сүйікті спорт түрі?

Кішкентай кезімізде, ауылда домалайтын нәрсенің бәрін теуіп, балаларды жинап, мектепке киіп баратын туфлиге, оның тозып кететініне қарамай, әйтеуір футбол ойнайтынбыз, әй, жастық шақ-ай, ойласам казір күлкім келеді))))))))))))))))))

10.  Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

Соңғы көрген, яғни кеше демалыс күні көрген фильмім «Мың бала» болатын, и то интернеттен алған пиратский версиясы гой)))))))))))))))) Қазақтын бірінші рет нормальні фильм шығарғаны үшін, Ақан Сатаевқа респект!!!

11.  Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Қанша демократиялы қоғамда өмір сүрсек те, еркек әр уақытта әйелден бір саты жоғары болады, кім бұған келіспейді сол – күшік күйеу!!)))))))))))))))))

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Енді әйел ақшаны төркіндеріне тасымаса, өзі ұстағаны дұрыс деп ойлаймын)))))))))

13.  Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Жігіттер үшін біртүрлі сұрақ екен, сонда да жауап бере салайын! Сүйіктім солай қаласа, неге бармасқа? Үйдің кенжесі емеспін, қай жаққа болсам да маған бәрібір. Тек жан-жағымды позитивті адамдар қоршап жүрсе болғаны))))

14.  Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Иманды адам ретінде айтарым:  1.Аллахқа құлшылық ету үшін; 2.Иманды, рухы биік, адамдарға пайдасы мол, адами қасиеттерге бай, өз елін, тілін сүйетін патриот адам болуы  үшін; 3. Қысқасы, бұл жалған өмірге адам болып келгесін адам болып кету үшін.

Шын мәнінде маған бұл таяқшаны ешкім берген жоқ еді, өзім осындай бір эстафетаны оқып, оған қызығып, шабытым оянып жазған түрім ғой))))))))) Егер ойын шартын бұзсам кешірерсіздер!  Келесі бір адамға да эстафетаны арнап бермей-ақ қояйын, кім бұл эстафетаны жазбады, сол адам өзі үндемей-ақ жаза берсін!!!

Сұрақ: Осы Энштейіннің түрі жаман болған дейді, бірақ ақылында, талантында сөз жоқ! Егер қыздарға осы Энштейін секілді түрі жаман, бірақ талантты адам келіп, үйленуге ұсыныс жасаса сіздер қабылдаушы ма едіңіздер???