Төлеген Ақылбеков Боб Саппаны Шынымен жеңді ме?

Төлеген Ақылбеков Боб Саппаны Шынымен жеңді ме?
жеке
блог

йыцы

Әлем халқының көбісі теңбіл допқа телміріп отырғанда, қазақ даласында біреулер біреулермен жұдырықтасып жатты.Өзіндік ережелері бар ережесіз төбелестен өткен бұл жұдырықтасуды еліміздің арналары бере қоймады. Әлемдік рейтингте біздің жігіттердің қандай дәрежеде тұрғанын кім білсін. Білетініміз, Төлеген ақылбеков атты(лақап аты «Аттила» жігітімізге қарсы Боб Саппаның шығуы. Иә, кейбіріміздің есімізде кинолар арқылы, кейбіріміздің есімізде Майк Тайсонды ринге шақыруы арқылы қалған Боб қой. Әйтеуір жаңалықтарда оның жеңілгені жайлы айтып өтті. Кішкене бейнесюжетері де болды. Өз басым толық көрмеген соң әлгі көріістен оның жеңілгеніне сене алмадым.Жасы келген Бобтың әйтеуір көп жерде шоу жасап жүргені анық, қартайған шағында оған атақтың бір тиынға да керегі жоқ. Өйткені көптеген орыс тілді жаңалықтарда, сайттарда Боб Саппаға Төлегеннен жеңіліп, шоу жасауы үшін ақша бергендігі жайлы жарыса жазып та, айтып та жатыр. Ал Төлегеннен сол жайлы сұрап еді, ол бұлай болуы мүмкін емес, мен өз күшіммен жеңдім деп тән алмайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Бұл жағы белгісіз әрине, бірак та Боб Саппаның бұлай тез жеңіліп қалуы әрине көңілімізге күдік ұялатпай қоймады, не болса да жеңдік дей салайықшы!!!

«Найман» деген есерсоқ та жеңіліп қалыпты. Бірер жеңісінде әйгілі Тито Ортиздің жеңген сәттегі қимылдарын салатын осыбір жігітке бір жағынан сол керек. Өзі мақтаншақ, егер жеңсе жер қаза ма? әйтеуір бір нәрсе істеп, жеңген адамды жерге көміп жатады рингте. Мақтанбай-ақ жеңсе болады ғой!!!