Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тұрсынбек айтқан ауыр дерт

Тұрсынбек айтқан ауыр дерт

Тұрсынбек айтқан ауыр дерт

Тұрсынбек айтқан ауыр дерт

 Естеріңізде болар, өткен жылдың соңғы күні Астана қаласында «Әзіл әлемі» театры жаңа жылдық концерт берді. Елдің бетке ұстар тұлғаларының бірқатарына сахнадан дастархан жайып, ерекше қонақ қылды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің министрі Дәурен Абаевтің қатысқанын да айтқанымыз жөн.

 Осы дүйім жұрттың алдында әдеттегідей Тұрсынбек Қабатов өзінің қайталанбас стильдегі монологтарын оқып, елді қыран-топан күлкіге қарық қылып жатты. Әр монологы ұлттың бойындағы айықпай келе жатқан жараларды тырнағандай әсер қалдырып жатты. Әсіресе...қазақ пен қазақтың бір-бірі турасындағы ойларын тамаша ұйқастырып, әзіл ретінде оқыды.

 Әзіл ғой. Күлеміз. Бас шайқаймыз. Себебі, тайталасуға пәрмен жоқ. Бәрі рас. «Қазақтарды түсінбеймін.  Бір жақсы бастамаға бет бұрып жатса көре алмайды. Әгәрәки базбір пысық жан дүние мүлкіне мұқият болып, үй маңын тап-тұйнақтай етіп, шақырылған жеріне уақытылы барып жүрсе, онда ол «неміс» дейміз. Біреу бақша егіп жатса, «ой, ол – кәріс» дейміз немесе бала-шағасымен топтасып жүргенін көрсек, цыганға балаймыз. Ал жағымсыздау әрекеттерімен көзге түсіп немесе уағдасының үдесінен шыға алмай жүрген кісі болса, «е, қазақ бола ма, осылай жасамаса» деп ащы тілмен арқасына «дүре» соғып аламыз. Сонда қазақ қандай болу керек? Айналасы ашық-шашық, үйі лас, түске дейін ұйқтайтын болу керек пе? «Қазақбайский» деп мұрын тыжыртқанша, неге «қазақпыз ғой» деп мақтанбасқа?»

 Бұл – «Әзіл әлемі» театрының басшысы айтқан монологтың қысқаша мазмұны. Өмірдің өзінен алынған айна-қатесіз тұрмыстық стереотиптер жиналған көрерменді күлкінің көмбесіне батырды-ақ. Жөн. Бірақ әзіл астарында қаншама мағына, түзету міндеті тұрған қисық тұстарымызды әбден көруге болады. Ұлт болып ұшар биіктерге қол созудың орынына алға ұмтылғанның ұрымтал тұсын іздейтін іштарлығымыз барын жасыра алмаймыз. Қайтпек керек?

 Тұрсынбек мұнымен тоқтамады. Ұлттың болмысы, рухы іспетті құндылықтардың қанымыздан һәм санамыздан жойылып бара жатқанын шыңғырта айтты. Тілдің халі, ұлттық санамызға жасалып жатқан түрлі сиқырлы шабуылдардың қоғам идеологиясын жедел жаулап алатынын қандастарымыздың осы әдетінен деп білсек қателеспеспіз, бәлкім.

 «Қазақтың қитығына тигізе сөйлесек, айыз қанғанша күлеміз-ау. Қазір біреудің руын айтайыншы, әр жерден өре түрегеліп, маған ұмтылатындар табылады. «Пәленше ру мынадай, кезінде мынадай жасаған, бұлай еткен» десем, балконнан «нең бар-ей» деп секірсе де таңым жоқ. Себебі, біз рулық деңгейде қалып қойғанбыз. Даму үшін ұлттық деңгейге көтерілуіміз керек. Ру бөліну үшін емес, бірігу үшін, ағайын».

 Осылай сөзін түйіндеген Қабатов санасында саңылауы бар кісінің ойына салмақ түсіретін дүниені сахналады. Қарап тұрсаң, жай ғана көңіл көтеруге арналған сарказмды монолог қана. Ал көтеріп тұрған жүгі нардың белін қайыстырғандай.

 Бөрілі байрақтың түбіне біріккен баба жолынан адаспас үшін көк тудың астында тізе қоса қимылдауымыз шарт. Бір-бірінің бойына пышақ ұруды көздейтін мысықтілеулестік қабырғасына сызат түсе бастаған татулықтың шаңырағын ортаға түсіреді, әйтпесе. Тамшы тамса да, қазағыма тамсын, «әр қазақ – менің жалғызым» деген ұстанымды көңіл түбіне мықтап бекіту – қоғам алдындағы, ұлт алдындағы парызың.

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 22 қаңтар 2018, 21:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.