“Студкеңес менің екінші отбасым”

“Студкеңес менің екінші отбасым”
жеке
блог

      Адамға өзі үшін ең қымбат сәттер болады. Көптің басынан өтетін студенттік шақты өзім өткеріп жатырмын. Өміріміздегі ең қызық кезеңнің бірі – студенттік кез. Нағыз студенттің күйін кешу.

        Бұл кез мектептегідей емес... Өте ерекше... Иә, ерекше болғанда да басқаша. Арман атты қайықтың жетегіне мініп, жүрек үніме құлақ түре отырып жоғарғы оқу орнына түстім. Енді мен әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультетінің 2 курс студентімін. Әрине, басында алаңдаушылық болды. Қандай адамдар? Қандай орта? Жүздері жылы жандар ма?

         Студенттік өмірдің қызығын молайта түсетін ұйымдар жетерлік. Мысалға, менің Журналистика факультетімде 7 студенттік ұйым жұмыс істейді. Олар: “Студенттер кеңесі”, “Жас Отан” ЖҚ, “Көмек”, “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподағы және т.б. Мен осы аталған студенттік ұйымдар арасында ең белсенді , әрі ерекше орын алатын “Студенттер кеңес” ұйымының мүшесімін, 2 қабаттың старостасымын. Студенттік Кеңес – ҚазҰУ қалашығы жатақханаларындағы студенттердің тәртібі мен тазалығын қадағалай отырып, түрлі мәдени–көпшілік, спорттық және басқа да іс–шараларды ұйымдастырып, жүргізуді іске асыратын бөлім.

         Ұйымшыл команда құру әркімнің қолынан келе бермейтін дүние, алайда 15 жатақхана “Студенттер кеңес” ұйымының төрайымы Қазтай Гүлдана (Гүләпшем) дәлелдеген сияқты. “Студенттер кеңес” ұйымының еріктілері әрқашан көмекке дайын тұратын, белсенді, ұйымшыл, жүректері мейірімге толы жандардың арасында жүргеніме қуанамын. Журналистика факультетіндегі “Студенттер кеңесі”, мен үшін тек студенттік ұйым ғана емес менің екінші отбасымдай болып кетті. Уақыт та зымырап өте шықты ғой шіркін!... Талай нәрсені көрдік, санамызға түйдік, өмірді жаңа қырынан тани бастадық.