Батырхан Сәрсенханның егізін көрдім...
жеке
блог

Батырхан Сәрсенханның егізін көрдім...

Өмірде бір біріне ұқсайтын адамдар жиі кездеседі. Алайда өзі де, өлеңі де егіз жандарды алғаш көруім. 

Батырхан Сәрсенхан деген есім жастар шығармашылығын сүйіп оқитындарға таныс шығар. Жырларында тереңдік, ешкімге ұқсамайтын әсерлілік бар. Асау рухы байқалып, мейірім самалы есіп тұратын ақын әдебиетке жаңа қарқын сыйлағандай көрінеді. Әр шумағы оқырманды өзіне баурап алатындай. Тіпті сол кісінің  әлеміне еніп, өзі айтқан Мейірім ғаламшарына тап болатындар да бар. 

Бір қызығы, жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультеті мен филология және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Жас қанат»атты мүшайрада Батырхан ағаның егізін көрдім. Ол Бас жүлдені қанжығасына байлаған Оралхан Зағыпар есімді филология және әлем тілдері факультетінің бірінші курс студенті.  Оралханның түрі, іс-қимылы, мінез-құлқы, оқу мәнері, өзін ұстауы тіпті өлеңіндегі ұйқас пен  айтқысы келген астарлы ойы да Батырхан Сәрсенханды көз алдыма әкелгендей болды. Аттарындағы ұқсастық тіпті ерекше байқалып тұрады екен. Әдебиетте қадамын жасап келе жатқан менің қиялымдағы егіздерге сәттілік тілеп, қаламдарыңыз қарымды болсын дегім келеді.