Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен қалай блогер болдым? (Эстафета)

Мен қалай блогер болдым? (Эстафета)

Мен қалай блогер болдым? (Эстафета)

Ол кезде блог дегенді М-агенттің шағын блогынан ғана еститін едік. Бірте-бірте Массагет ауылының тұрғыны болып, блог жазудың жүгі жеңіл емес екенін түсіндік. Өзімді керім блогермін деп айта алмаймын, көбінесе көрген-білгенімді әңгіме етіп қана жазып жүрдім. Бірақ бүгін Массагетте шығарушы редактор болып отырғаным сол кездегі шимай-шатпағым мен жазбаларға жазған пікірлерімнің (коммент) арқасы екен. Әріптесім Марғұлан Ақан эстафета бастап, жалғастыруды маған тапсырыпты, уақытым мен мүмкіндігім аз болса да, жазбағаным жауапкершілігіме сын болар дедім. Сонымен, мен қалай блогер болдым?

Мен де барлық блогер сияқты тіркеле алмай біраз жүрдім. Ол кезде Еркебұлан Қайрахан, Мейіргүл Оңғарова сияқты кісілердің жазбасын оқимын да, өзім де жазғым келеді. Кірейін десем, тіркеле алмай әлек боламын, жарайды деп қоя саламын. Бір күні Анар Мұстафинаның «Блог деген не? Блогқа не жазамын?» жазбасын оқыдым да, қызығушылығым одан сайын артып кетті. 2013 жылы 7 қазанда сәтті тіркелгеннен кейінгі қуанғанымды әлі ұмытпадым. Әр блог жазған сайын қайта-қайта кіріп, неше лайк басты екен, кімдер пікір қалдырды екен деп тағатсыздана күтіп отырушы едім. Әсіресе, сайт тілшілері пікір жазса, менен бақытты адам жоқ. Осыны ескеріп, қазір өзім де жаңа блогерлерге пікір жазып, қолдап отыруға тырысамын. Әріптестеріме де үнемі айтамын, осы орайда ескере кетейік, олар сіздердің жазғандарыңызды оқиды, тек үнемі пікір жазуға уақыт артыла бермейді. Сол себепті блогым қолдау таппады деп ойламай, жазуды жалғастыра беріңіздер дегім келеді.

2013 жылдан бері 97 блог жазған екенмін.

Ең көп оқылғаны – «Шынарым менің, шырайлым менің» 16 147 көрілім.
Ең аз оқылғаны – «Қыз балаға оқу не үшін керек?» блогы 336 көрілім.
Ал ең көп 34 пікір жазылған – «Тек сол адам» жазбасы.

Ал қазір шағын жазбаларымды көбінесе Инстаграм желісінде жариялаймын. Оқимын десеңіздер, #Кімсоңынадейіноқыды хэштегі және @assel_assanova аккаунты арқылы тапсаңыз болады.

«Блог соңында #Менқалайблогерболдым хэштегін пайдалануды ұмытпаңыздар.  Біздің тұрақты блогерлердің де қатысуына болады.  Өздеріңізге есеп беріп көріңіздер»,– деп жазбамды Марғұланның сөзімен аяқтап, эстафета таяқшасын Гүлжанар Берік пен Гүлжанат Беласарға табыстайын.

Пы.Сы.: Кезек өзіне келгенін күтпей-ақ, кез келген блогер осы тақырыпта жазба жариялауына болады.

6
Рейтинг: +15

Жазылған уақыты: 18 қаңтар 2018, 17:25
Тегтер: блог жазу, блог деген не, блогер, Әсел Асанова

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.