«Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...»
жеке
блог

«Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...»

                     Қызылорда облысы ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа

 

 «Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...»

                                                                                    Қор болып кетпесін

Жас ғұмыр тағдырың

                                                                                  Денсаулық  өзіңнің

                                                                                 Мәңгілік байлығың

   Өмір-адамға жалғыз рет берілетін ең қымбат дүние. Адамның бақытты да мағыналы өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең бір таптырмасы байлығы, асыл қазынасы дер едім. Сондықтан да  , бүкіл әлемдік деңгейдегі құнды мәселелердің бірі-адам денсаулығы болып табылады.Бірақ,қазіргі заманауи жастар қауымының тағдырына балта шауып жатқан ең бір алапат зиянды зат есірткі екені ақиқат.Ғылыми  зерттеулер бойынша  «Есірткі»- адамның көңіл-күйін, сана-сезімін мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның өміріне , өмір сүру тұрмысына үлкен өзгеріс алып келеді және сол есірткіге тәуелді қылып , адамды бейшара халге жеткізеді.Есірткіні қолданған адамның санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алып,кейін ағзасы сол улы затқа тез тәуелді болып қалады. Адам ағзасы кейін өзіне керекті уды іздей бастайды, ал қолданбаса түнде тыныш ұйықтай алмай, денесінің әрбір бөлігі ауырсынуды сезеді. Сана-сезімі уланған адамның мінезі де өзгереді. Бұрын ашық-жарқын, көңілді, сабырлы болған адам , уақыт өте тұйық ,ашуланшақ, дөрекі әрі төбелесуге дайын тұрады.

Ал енді сол есірткі қолданудың себептеріне тоқталар болсақ: есірткі туралы шынайы ақпараттың болмауы, қоршаған ортаға қызығушылқтың тууы, сырттан түсетін қысым,әуестік және еліктеу болып табылады.

Енді химиялық удың түрлерін айтсам:                                                        Токсикомания-булармен, газдармен демалу. Оның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыстың бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға,естен тануға және комаға, тіптен аяқасты өлімге әкеліп соқтырады.

Марихуана-кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, немесе сұр түсті сора гүлінің қосындысы. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналып, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Экстази-метилендиоксиметиламфетам, музыкамен біріктіруден ашылған эффект.Оны қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуат күшейеді, көңіл көтеріліп,бірнеше сағат қатарынан шаршамай билеуге болады. Бірақта ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми жасушалары, бауыры мен бүйрегі бұзылады, тамырлары қысылып, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Президент өзінің «Қазақстан 2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты жолдауында : «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазаланады...» делінген.  Осыған байланысты есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша ҚР-ның Ата Заңына жаңартулар мен өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам жоқ шығар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы бұл мәселе аса күрделі болып отыр.

 Мен  өзім сүрген ортамда, өз қаламда, өз елімде осы бір зардабын қайта өңдеуге келмейтін «рахат дозасынан» аулақ болғанын жан жүрегіммен қалаймын.Бүгінгі күнгі эссе тақырыбын қозғауыма да осы «қоғамның жан айқайы» түрткі болды деп айта  аламын.

Сондықтан да біз күш-жігерімізді біріктіріп, ауызбіршілікте есірткі бизнесі мен есірткіге қарсы күресуіміз керек!

Молдағали Нұршат Бақытбекқызы,

№273 орта мектеп, Байқоңыр қаласы