ӨЗ ТІЛІН БІЛМЕГЕН ТІЛСІЗ БЕ, ӘЛДЕ...
жеке
блог

ӨЗ ТІЛІН БІЛМЕГЕН ТІЛСІЗ БЕ, ӘЛДЕ...

Біз саналы ұрпақ тәрбиелеп, оның Отанына адал қызмет етіп, елін құрметтеуін қанына сіңіртіп, үйретіп келеміз.Балдай тәтті тілімен елінің әнұранын жүрегін ұстап тұрып, ыңылдап айтқан балаға сүйсінеміз. Жымиып күліп, қол соғамыз. Бала да,өзіңде мәз-мейрам. Себебі, жастайынан туған еліне деген сүйіспеншілігі оянса, ер жеткенде елі құрметтейтін азамат болары хақ. 
Алайда, біздер өз елімізде тұрып, өз тілімізді білмесек те, өзге тілде сайрайтын мәңгүрт халықпыз. Шындығы сол... Өзге ұлтты ана тілімізде сөйледі деп, көкке көтеріміз. Сөйлеген сөзіне тамсанып, сол адамды құрметтейміз. 
Ол құрметтің астары, өз тілін білмейтіндерге үлгі болсын дейміз. Ал сіз мынаған не дейсіз?

Қазаққа орыс өз тілінде сұрақ қойса, сол тілде жауап қайтаруы керек. Не үшін? Мен түсінбедім! Ол орысың алдымен өзінің қай ел, қандай елде өмір сүріп жүргенін ұғынсын! Осындай дәрежеге жетеміз деп ойламаппын... Орыс түгілі, қазақ пен қазақ өз тілінде не сөйлеп білмейді, не сөйлегісі келмейді. Керісінше сондай ана тілін құрметтемей, тілін бұрмалап жүргендерді жазалау керек.
 Қай орыс, қазақтың дәстүрі мен әдебін сақтап жатыр. Сақтамасын, бірақ таптамасын! Кезінде қазақ әйелін жалаңаштап суретін салған да, Құрманғазы мен Пушкинді қосып қойғанда сол орыс! Бүгін ащы шындық жаныма батып, еріксіз жыладым. Бәлкім тым сезімтал шығармын. Бірақ өз елімді сүйемін! Сол үшінде жазбасқа амалым болмады.
 Қазақ қызына екі орыстың әйелі заңды неге білмейсіз деп дүрсе қойды. 
Қазақ қыз:-"Орысша білмеймін, қазір бәрі қазақша, өз тілімді ғана білемін, сол тілде сөйлеймін!"-деп жауап қайтарды. Орыс оған көнсінбе, күшіне енген, екі бетімді қызартқан заңды алға тартты. Қазақ қызы мән бермеді де. Орысым ойбайлап айқай шығарса да, қаракөзім өзінің еліне, ана тіліне деген құрметін көрсетті. Қазақ жерінде тұрса да, әлгі орыс қыз(орысша): "-Қазақша білмеймін, сол себепті маған орысша сөйлеп, жауап қайтаруың керексің!"-дейді. Қазақстанда тұрып, өзге елдің азаматы қазақ азаматына менің тілімде сөйлеп білмейсің деп, кінә тақты.Өз тілінде сөйлеген қазақ кінәлі. Бүйте берсе, әрбір қазақтың ана тілін ұмытпасына кім кепіл? Мені жылатқан заң ба? Солай, қазақ! Көш жүре келе түзеледі дейді, кері кетіп барамыз! 
#ӘріҚарайЖазуғаШыдамадым 

#ГүлназАмангелді