Бүгін түскі астан кейін әдеттегідей жұмысқа кірісіп, материал жазып отырғам. Гүл таситын бір агенттіктер барын білсем де, ешқашан қолданбаған едім. Міне, сол агенттіктің бір қызметкері келіп, (агенттік емес басқаша айтылатын шығар, оны білмедім) қолында бір құшақ гүлі бар, бір жерге алғандығым жөнінде қол қоюды сұрады. Мен шын айтсам таңырқап қалдым. Кімнен? Неге? жіберді екен деген сауалдар мазалап үлгерді. Бір құшақ гүлдің ішінде шағын ғана бір тілім қағаз бар екен. Ішінде "ТЫ НЕ ОДНА, Я РЯДОМ..." деп жазылған. Және де 30 мың теңгеге ұялы телефон алуға сертификат бар. Сертификат болғанда купон екен. Шыны керек, мәз болып қалдым.
Кімнен екенін білмедім. "Анау бала шығар" деген ой бар. Бірақ білмедім, ол ма, ол емеспе?! Бұл сыйлықты жіберген адам, мені жақсы білетін болса керек. Себебі, қымбат сыйлықтарды ер балалардан алмауға тырысамын. Әрбір нәрсенің "Алмақтың да салмағы бар" дегендей. Бұл жолы енді, белгісіз бір азаматтан, құдды бір романтикалық кинодағыдай жібергеніне риза болдым. Бұлай гүл алуым алғаш рет.
Бұл жазбаны жай ғана қуанышыммен бөлісу үшін жазып отырмын. Біреулер мақтанып жатыр деп қалмас үшін. Ана купонды білмеймін, не істейтінімді. Жаңа ұялы телефон алғым келіп жүргенін жақын достарым мен туыстарымнан басқа ешкім білмейтін еді. Сонда жіберген адам жанымдағы кісі болғаныма... Түсінбедім...
Массагеттіктер, сіздер не ойлайсыздар?! Купонды не істеймін? Гүлін бәрібір қалдырамын, қай қыз гүлді жақсы көрмейді дейсіз.Қызық күйде отырмын. Бір жағынан қуаныш бар, бір жағынан белгісіздік. Не істеймін?
Тосын сый жасаған жан нағыз азамат екен. Қазір олардың барынан жоғы көп қой. Сондықтан да алған сыйды игілігіңізге жаратыңыз. Сіздің көңіл-күйді түсініп отырмын. Өзімнің де басымнан сол күй өтті. ;)
Сізден ондай күй қашан өтті? :o
Неменеге соншама таңданып отырсыз? Қашан болғанын білгіңіз келсе, менің жазбаларымды бір қарап шығыңыз :!:
Айта салсан бірнәрсе түсіп қалмайды ғой, мен сол сіздің барлық жазбаларыңызды оқып, бүткіл посттарыңызды ақтарып отырмайтын шығармын :mrgreen:
Ақтарыңыз))) Бойыңыз өседі :lol:
иә... керемет сезім! Біреуге керек екеніңді түсінгеніңнің өзі тамаша!
Бұлай гүл алуым алғаш рет - дейді????????? Өтірік айтпай-ақ қойсаң болатын еді. Гүл алмаған қыз болушы ма еді? :ugeek:
жоқ, әрине, алдым. Тек гүл таситын дүкендерден алғаш алуым
оо, қандай күшті!!! не де болса нағыз азаматқа тән қасиеттің бірін жасапты. менің ойымша телефонды алғаның дұрыс. мүмкін сонда сол телефон арқылы жұмбақ жанды тауып қалармыз. өзің айтпақшы егер жаныңда болса, точно эмоциясынан байқайсыз. ол Сіздің оның сыйлығын жерге қалдырмағаныңа бей-жай қарай қоймас... ;)
иә, қыздар, керемет екен! Купонды әлі қолданбадым, тұр! Ол адам өзі хабарласпайыншы тимеймін...
super! soooo romantic! men almas edim kuponyn. ladno gulder, a kupon eto uje surezno :D
Купонды алып керек емес. А то "бірден сындырдым" деп ойлап қалады
Ну))) соны ойлап))))
Тегін емес ))) Мүмкін ол сенің массагеттегі блогтарыңды да оқып жүрген шығар ))) Меніңше, купонды қолданбай күте тұрғаның жөн секілді әліптің артын бағып... Тым болмаса 1 апта күт, содан кейін купонды жарата беруге болады )))
Иә, Мейіргүл, солай болар! Купон әлі тұр...
бәлесінен аулақ, купонды да, гүлді де...ауылдағы апалар өстеді ғой
Купон купон! Маған-ақ бере салыңдаршы)
гүл сыйлаған қуаныш деу керек :)
ол да дұрыс))
осы уақытқа дейін лі де күтіп жүрмеген шығарсыз, қандай телефон алдыныз?қалай күшті, бірақ ондай қымбат сыйлықтарды жасы егделеу азаматтар жасайтын, байқаныз!!!
Гүл әдемііі екен, купонды менде алмас емес, сондықтан күте тұрыңыз мүмкін өзі хабарласып қалар. Қыздаррр, романтиктер әлі бар екенннннннн