Сыйлық үшін таптырмас бұйымдар
жеке
блог

Сыйлық үшін таптырмас бұйымдар

Біле білгенге, қолөнер саласы – табысты еселей түсетін сала.

Осыны ескергендіктен көптеген ел қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр.

Әсіресе6 өзіндік қолөнерінен ажырап, ұмыт қалдырған Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туын­дыларына қызығушылық танытуда.

Сондықтан, біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек. Осы ретте, біз яғни журналистер қауымы оған үлкен күш салуымыз керек деп ойлаймын :)

         Декреттік демалыс – адам өміріндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өйткені, бұл кезде сіз сәбиіңіздің денсаулығы мен күтіміне алаңдайсыз.

Баламен қатар, уақытыңызды отбасыңызға арнап, жолдасыңыздың жағдайын жасайсыз. Декреттік демалыс дегенде көз алдымызға осындай картина елестейтіні жасырын емес. Сіздің басты жұмысыңыз осы осы. Жұмыс дегенде, басқа жұмыстардан басты ерекшелігі сол қызметіңіз үшін үшін ақы төленбейтіндігінде. Бірақ, негізінде ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА отырып та табыс табуға болады.
    

Психологтардың айтуынша, үйде отырған әйелдерге өз кәсібін ашуға екі түрлі жағдай әсер етеді. Алғашқысы – отбасындағы материалдық қиындықтар.

Екіншісі – декерттік демалыста отырып, өзінің қоғамдық ортадан шеттеп қалмай, белгілі бір кәсіппен айналысу. Қандай себеп болмасын, белгілі бір іспен айналысу адамға зор қуаныш сыйлап, көңілін көтеретіні анық:)

Қолөнер  – сырлы өнер. Нағыз шеберлер үй тұрмысындағы қызығушылықтан туады. Хобби кәсіпке айналуы бек мүмкін. Қызығыңыз! Жанбота сияқты өз ісінің шынайы мамандарының парақшасына жазылып, үйреңіз.

Бастысы, бұл сіз үшін де, сіздің отбасыңыз үшін де, ең бастысы, қоғам үшін пайдалы іс болмақ! Ендеше, үйде отырып құр уақыт өлтіргенше, белгілі бір кәсіппен айналысып, азаматыңыздың бір жағына шығысуға тырысыңыз.

 

 

Бұл кәсіп болашақта сіздің өмірлік жолыңызды басқа арнаға бұрып, атақты бір брендтік өнім қалыптастыруыңыз да ғажап емес. Мысалы, Жанбота ханымның жұмыстарынан мен үлкен үміт күтемін.

Болашақта отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де қызғушылық танытып, тапсырыс береді деп сенемін ^_^

         P.S. Құрметті оқырман, егер сіз біздің кейіпкеріміздің жұмысына қызығушылық танытсаңыз, инстаграмм желісінен bota_andirova нигін  тауып алып, парақшасына жазылыңыз. 

bota_andirova парақшасы арқылы шебердің жұмыстарына тапсырыс беруге болады. Ендеше, сәттілік!

Әрбір жұмысы өз алдына ерекше :)

Сондай әдемі әрі сәнді))

Сыйлық үшін де таптырмас құрал :)

Бұны үлкен өнер. Өнердің төресі деуге болады:)

Кішкентай ханшайымдардың шашын мынадай нәзік те сүйкімді қыстырғыштар одан ары ажарландыра түсетіні сөзсіз))

Бір сөзбен айтқанда ТАЛАНТ!))

Үйлену тойына қажетті аксесуарлар да жасай алатын Жанбота ханым қандай мақтауға болсын лайықты! Жарайсыз! Өнеріңіз өрге жүзссін)))

Жанбота ханымның телефон номері 8778- 604-53-38 тапсырыс қабылдайды))