Алматылықтар, тегін фотокурсқа қатысыңыздар

Алматылықтар, тегін фотокурсқа қатысыңыздар
жеке
блог

Фотоаппарат пен фотожурналистикаға, жалпы фотоөнерге қызығатындарға жақсы жаңалық бар. MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Фотожурналистика негіздері» курсының соңғы тобын қабылдап жатыр. Сабақ алдағы аптаның сейсенбісінде (19 маусым) басталады, сәл кешірек хабарлағаным үшін кешірім сұраймын.

Жалпы курс тегін, 2,5 ай уақытқа созылады.

Курсқа журналистика факультетінің студенттерін, журналистерді, қоғамдық медиа ұйым өкілдерін шақырып отырмыз. Бірақ бұл шектеу емес, егер сіз «фотожурналистикаға» қызықсаңыз, өтініш жіберуіңізге әбден болады.

Сабақ кешкі 18.00 мен 20.00 аралығында сейсенбі және бейсенбі күндері MediaNet оқу кеңсесінде өтеді.

Қатысамын деп ниет білдірген адамға қоятын бір шарт бар: адамның өзі баптауларын өзгертіп ала алатын функциясы бар («М» деген әріппен белгіленеді әдетте, «ручная настройка») фотоаппараты болуы керек (фотоаппарат кәсіби ме, «мыльница» ма, жоқ телефонда ма — маңызды емес).

Бұл гранттық жоба, Қазақстандағы Финляндия елшілігінің қолдауымен өткелі отыр.

Сабақты Vox Populi, Курсив, Pro Sport, Қазына, Men's Health секілді басылымдарда істеген, The Economist, Forbes және Esquire басылымдарда жұмыстары жарық көрген Егор Скоробогатов өткізеді.

Сабақ орыс тілінде жүреді.

Қатысамын десеңіз aliziyadin@gmail.com поштасына аты-жөніңізді, байланыс мәліметтеріңізді оқу немесе жұмыс орныңызды және біздің талапты орындай алатыныңызды көрсетіп жазып жіберіңіз.

Сұрақ болса, телефон міне: +7 727 261 66 69, +7 702 490 17 67