Спорт денсаулық кепілі
жеке
блог

Спорт денсаулық кепілі

Спорттық жарыстар қашанда адамды жылдамыдққа, шапшаңдыққа, озбырлыққа үйретсе, спорттық жарыс барысында берілетін тапсырмалар студенттерді тапқырлыққа, ойлау қабілетінің жақсаруына, командамен жұмыс істеуге үйретеді, сонымен қатар топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшыл болуға үйретеді.

əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың "Спорт-денсаулық кепілі" атты бағдарламасы аясында Механика - математика факультетінің информатика кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың спорт кешенінде информатика кафедрасы мамандықтары арасында спорттық жарыс өтті. Сайыста 5 адамнан құралған  6 команда бақ сынасты. Олар: "Сұңқар", "Жас Қанат", "Тұлпар", "Барыстар", "Барыстар", "Жұлдыздар" жəне "Жас Star" командалары. Сайыс барлығы 5 кезеңнен тұрды. Жарыс барысында студенттердің білімдерін тексеру барысында математикалық тапсырмалар берілді. Əр команда өз жанкүйерлерімен бірге жарысқа зор ықыласпен дайындалып келгендері көрініп тұрды. Өте қызық, əрі тартысты жарыс болды. Қорытынды есеп бойынша жүлделі 1-орын ЕТжБҚ мамандығының 1-топ студенттерінен құралған "Жас Қанат" тобына, 2-орын ЕТжБҚ мамандығының 2-тобының студенттерінен құралған "Барыстар командасына бұйырды, ал 3-орын Информатика мамандығының 1-топ студенттерінен құралған "ЖасStar" командасына бұйырды. Жеңімпаздар топтарға сыйлықтар мен грамоталар берілді. Жарысқа қатысқан барлық студенттерге жеміс-жидектер үлестірілді.

 

Авторлар: Кабдрахова С.С., Закариянова Н.Б.