Қызыққа толы студенттік шақ!

Қызыққа толы студенттік шақ!
жеке
блог

Студенттік шақ адам өміріндегі түрлі естеліктерге толы жарқын, ұмытылмас сəттердің бірі. Бөтен қалада ата-анадан, туған жерден жырақта тұру бастапқыда бірінші курс студенті үшін қиындау болу мүмкін. Бірақ уақыт өте келе кез-келген ортаға, кез-келген қалаға үренісіп кетуге болады. Алматы - табиғаты əсем, мың жылдық тарихы бар студенттер қаласы. Алматы қаласына жыл сайын өзге өңірлерден студенттер көп жиналады. Биыл əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Механика-Математика факультетің өзіне 3600-ге жуық студент түскен. "Есептеуіш Техника жəне Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының бірінші тобының куратор-эдвайзерімін. Біздің тобымыздың 90% студенттер өзге қаладан келген. Олардың арасында Алматы қаласына алғаш рет келгендер де бар. Қаламен жақынырақ танысу үшін студенттерімізбен қалаға жиі шығып тұрамыз. Театр, ойын-сауық орталықтары, тамақтану орталықтары, концерттер, сонымен қатар табиғат аясына қыдырамыз. Жақында біз балалардың сұрауымен жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені, Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан "Медеу" мұз айдынына бардық. Алматының əсем табиғаты, таулары, Медудің тарихы, құрылысы өзге өңірлік студенттерді бей-жəй қалдырмады. Студенттеріміз Медеу секілді мұз айдының алғаш рет көріп, таң қалды. Тіпті Алматы қаласының өзінде өскен студентіміз бір Медеуге алғаш рет баруы екен. Бұл бəрімізді таңқалдырды. Студенттер зор ықыласпен, асқан қызығушылықпен мұз істінде сырғанап, уақыттарын көңілді өткізіп қайтты. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізу мен үшін өте маңызды. Бұндай басқосулар арқылы бірін-бірі жете тани түседі, бір-біріне деген бауырмалдықтары арта түседі жəне топтық жұмысқа үйренеді. Сол себепті бұндай демалыстардың пайдасы орасан зор екені айдан анық. Авторлар: Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Алимбаева Б.К.