Мұхтар ШЕРІМ. ТОҚАЛ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ...
жеке
блог

Мұхтар ШЕРІМ. ТОҚАЛ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ...

 Бір күні «Тоқализм» арнасына жұмыс іздеп бардым. Жүргізуші болайын деп. –Екеусіз бе?–деп сұрады жұмбақтай сөйлеген арна басшысы. –Түсінбедім ағай? –Екеусіз бе деймін? Тұрмысқа шыққансыз ба? –Жоға, ағай... Біреумін. –Тоқалсың ба? –Сөзіңіз ұшақтан түскендей екен. –Бір миллионердің тоқалы, яғни екінші әйелісіз бе деймін? Ыңғайсызданып қалдым. Саусақтарымның ұшын уқалап, басымды салбыраттым да: –Құдай сақтасын ағай... –дедім. –Онда жұмысқа алынбайсыз. Бара беріңіз. –Неге ағай? –Біздің елде тек тоқалдар ғана жүргізушілік, жоба бастығы қызметтеріне алынады. Сүмірейіп шықтым. Шынымды айтсам, он екі де, бір гүлім ашылмай жатып, тоқал болғым келмейді. Сол күні «Тукал» атты арнаның басшысының кабинетіне кірдім. –Тоқалсыз ба? –деп сұрады ол салған жерден. –Жоқ, апай... –Тоқал болған соң келе ғой, қарағым.. Соған қарағанда, миың жоқ болса да, сыйлы тоқал болсаң, қызметке ілігесің–ау деймін? Қожайының беделді шенеунік болса... Ол арна басшысына ақша аударып тұрса... Немесе ызбандап тұрса... Бірақ шынымды айтайыншы, тоқал болғым келмейді. Содан не керек, «Супер тоқал» арнасындамын. –Тоқалсыз ба? –деп сұрады ол. –Ия. –Кімнің тоқалысыз? –Ресей президенті Путиннің.. –деп алдай салдым. –Бізде шетел тоқалдары қызметке қабылданбайды, кешіріңіз, –деген директор жымиып шығарып салды. Бірақ маған жұмыс керек! Арманым арнада жүргізуші болсам деймін! Талантым керемет журналистпін! Мені тоқалдыққа алатындар бар ма? Маған шұғыл хабарласыңыздаршы, қазақтың мазақ жігіттері! Тоқал болғым келеді!