жеке
блог

Қожанасыр

 

Қожанасыр

(хикаялар)

Түсініктеме : Сонау XIII ғасырдан бері ұмытылмай келе жатқан түрік халықтарының ғүлама ойшылы, әулие Насреддин Хожаның есімі қазақ елінде Қожанасыр деген атпен таныс. Қазіргі Түркияның Ескішехір қаласының Сиврихисар бөлігіндегі Хорту деген ауылда туған Қожа алғашқы сабақтарын ауыл имамы болған өз әкесінен алған екен. Содан кейін оқуын Кония медресесінде тәмәмдап, осы маңайда имам болған. Шамамен 1284-1285 жылдары Ақшехірде дүние салған. Мазары сол жерде. Қожанасырдың сөз қуаты халықтар арасындағы шекараны бұзып өтіп, оны әлемге танымал етті. Адам бойындағы ойсыздық, табансыздық, сараңдық, озбырлық сияқты нәпсі қасиеттерін әшкере етіп, дәл тауып айтылған қысқа, өтімді, шешен, сөздермен жеткізуі Қожекеңнің дүниетанымдық көзқарастарының хақ ілімі арнасында қалыптасқанын дәлелдейді. Оның рухани-интелектуалдық мағынасы терең әзілдері адамды тек күлдіріп қана қоймай, оның рухани толысуына жәрдем ететін, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелейтін баға жетпес ұстаз. Қожекең айтты деген әзілдердің мол болуына әр замандарда өмір сүрген әулиелер де өз үлестерін қосты. Өздері тауып айтқан, мағынасы терең әзілдер мен ғибратты сөздерді Қожекеңе телу арқылы, олар өз бойларындағы жалған "меннің" өсуінен сақтанып, нәпсілерін ауыздықтап отырған.

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда
Өлі сазды батпақ
Өлі сазды батпақ