ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА отырып та табыс табуға болады

ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА отырып та табыс табуға болады
жеке
блог

          

         Декреттік демалыс – адам өміріндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өйткені, бұл кезде сіз сәбиіңіздің денсаулығы мен күтіміне алаңдайсыз. Баламен қатар, уақытыңызды отбасыңызға арнап, жолдасыңыздың жағдайын жасайсыз.

Декреттік демалыс дегенде көз алдымызға осындай картина елестейтіні жасырын емес. Сіздің басты жұмысыңыз осы осы. Жұмыс дегенде, басқа жұмыстардан басты ерекшелігі сол қызметіңіз үшін үшін ақы төленбейтіндігінде. Бірақ, негізінде ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА отырып та табыс табуға болады.

Психологтардың айтуынша, үйде отырған әйелдерге өз кәсібін ашуға екі түрлі жағдай әсер етеді. Алғашқысы – отбасындағы материалдық қиындықтар.

Екіншісі – декерттік демалыста отырып, өзінің қоғамдық ортадан шеттеп қалмай, белгілі бір кәсіппен айналысу.

Шыны керек, қазіргі кезде аналардың бос уақыты шектеулі болса да, ретін тауып, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып жүргендері аз емес. Сондай, он қолынан өнер тамған өз ісінің хас шебері бола білген ісмер аналардың бірі бүгінгі біздің кейіпкер Райхан есімді қолөнер шебері. 

Райхан ханым инстаграмм әлеуметтік желісінде sheber_ana атты  парақшасын жүргізеді.

Жеке өз басым ол кісінің  тұтынушысы ретінде  Райхан ханымның қолынан шыққан туындыларының сапасы жоғары деп толықтай айта аламын.

Автордың қай жұмысын алып қарасаңыз да, өзіндік ерекшелігімен бірден көзге түседі. Жасалуынан бір мән таппайсыз. Дизайны  жағы­нан танымал брендтермен бәсекелеске түсуге қауқарлы.

"Негізінде тоқымаға әркім әр түрлі жолмен келеді. Бірі - ақша үшін яғни, тоқыманы табыс көзіне айналдыруды көздесе, енді екіншілері жанына рахат сыйлау үшін ойын тынықтыру үшін тоқып жатады. Мен осылардың екіншісіне жататын шығармын. Бір нəрсені қайталап тоқи бергенді жек көремін.

Əр бұйымды тоқыған кезде қиялыма ерік беріп жіберемін де асқан махаббатпен жасаймын. Сондықтан болар əр жасаған дүнием бір-біріне ұқсамайды.Өз алдына эксклюзив", - дейді шебер ана бір сөзінде ағынан жарылып :)

         Бір сөзбен айтқанда, Райхан ұлттық қолөнерді жаңа заман трендіне айналдыра білген бірегей кәсіпкер. Бүгінде оның өнімдері елімізде үлкен сұранысқа ие. Бастапқыда ол өз дүниесін өзгеге сату үшін емес, өзі үшін жасаған екен. Кейіннен барып бұл іс үлкен кәсіпке айналғанын тілге тиек етті өз сөзінде шебер ана.

              Негізінде, біле білгенге, қолөнер саласы – табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген ел қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр. Әсіресе өзіндік қолөнерінен ажырап, ұмыт қалдырған Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туын­дыларына қызығушылық танытуда. Сондықтан, біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек деп ойлаймын.

       

Үйде отырып құр депрессияға түскенде, өзіңіздің сүйікті ісіңізді тауып, бір шеті табыс көзіне айналдырып отырғанға не жетсін, шіркін?!

Менің бұл постты салудағы негізгі мақсатым да сол болған. Бір шетінен, осындай талантты аналарды қолдау, екінші жағынан бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған барша аналарға ой салар деген тілек менікі:)