Сағыну

Сағыну
жеке
блог

Сезімге беріліп, санамды ұмыттым,

Сонда да сен менің жанымды жылыттың.

Сол жылу əлі де жылуын сақтап тұр,

Бірақ та сен жоқсың, қайтейін, қылықтым.


Айлы түн. Ай емес, жарықты сен шаштың,

Өртеген отыңа енді мен жанбаспын.

Сен кеттің күлімдеп, ауаға айналып,

Сол сəттен бастап мен жаны жоқ жартаспын.


Жан бітір кеудеме өліге айналған,

Болмаса өлі боп барайын мен саған.

Сен сонда, мен мұнда: мəні жоқ махаббат,

Мəңгілік жолдамын, орын ал қасыңнан...