Сені іздеп келемін....

Сені іздеп келемін....
жеке
блог

Өкінішке өзегімді күйгізіп,

Сені құдай қойды неге сүйгізіп ?..

Таптым десем қайда кеттің жоқ болып ?..

Тағдырыма кедергіңді тигізіп .

 

Қараңғысы болар бәлкім жарықтың ...

Күте бере қанша күнді қарыттым ?..

Сенің мөлдір көздеріңді   күтем деп

Сапарымда жалғыз өзім қалыппын .

 

Бәлкім жоқ па саған менің керегім ?..

Оралшы сен қайта өзіме сүйгенім ...

Арманымды айтып-айтып заңғарға...

Жаңғырық боп сені іздеп келемін 

 

10.06.12