Ұлы істер жасалуда
жеке
блог

Ұлы істер жасалуда

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедек балалар үшін көптеген бағдарламалар жұмыс жасап тұр. Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат – үйі мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына үлкен көмек беріп отыр. Бұл жерде үлен салмақ мүгедек балалардың ата-анасына түсетіні анық. Кім болса да дүниеге аман сау бала әкеліп, баласының жұрттан қалмай өмір сүргенін қалайды.  Аталмыш интернат-үйі тірек қимыл аппараты бұзылған балалалар, Даун, Аутизм сонымен қатар шизофрения, зият зақымдалудың түрлі дәрежедегітума аурулары бар балалардың жас ерекшелектері мен денсаулық  жағдайын ескере отырып, арнайы әлеуметтік-медициналық көмек береді.    Дегенмен, жаны жылы жандардың рухани тұрғыдан жасаған көмектері еш уақытта артық болмайды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бөлегенова Салтанат Алихановнаның басшылығымен студенттер Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат – үйіне үнемі көмектесіп отырады. Атап өтсек, 2017 жылдың көктемінде өнерлі студенттер мерекелік шара ұйымдастырып, соңында балаларға аяқ киім, әдемі де жаңа киімдер, тәттілер сыйлап, балалармен билеп, ойнатып бір көңілдерін көтерсе, күз мезгілінде EXPO-дан кейінгі таратылған ауыр жиhаздарды апарып, кіргізіп орналастыруына көмектесті. Осы аптаның басында балалар үйінің алдындағы бойы 6 метрден асатын шыршаны безендіруге аталмыш кафедраның стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері мен 1 курс магистранды Мауленова Нуриля көмегін аямады. Шыршаны безендіруге студенттер қаржат жинап, базардан әдемі ойыншықтар мен безендіргіштер сатып алып, апарып іліп берді. Студенттердің бойында осындай мекемелерге көмек беру барысында жанашырлық, адамгершілік қасиеттері қалыптасатыны сөзсіз. Кафедра ұстаздары мен студенттері әрі қарай да қолдан келгенше балалар үйіне көмектесіп отырмақ.

 

Шортанбаева Жанар, физика-техникалық факультетінің доценті

Куйкабаева Айжан, физика-техникалық факультетінің аға-оқытушысы