Крипто Қоғам

Крипто Қоғам
жеке
блог

Үкіметтер, корпорациялар және хакерлер интернеттегі бейбітшіл адамдардың ақпараттарын тіміскілеп өз пайдасына қолданады. Бұған қарсы жауап - криптоқоғам.

Бір интернет-дүкенге кіріп жалпақ телевизор немесе қысқы етік қарағаннан кейін, басқа сайттарға барғанда телевизорлар мен етіктердің жарнамасы көрсетілетінін байқадыңыз ба? Байқасаңыз, ол Гугл, Яндекс және басқа интернет алыптары сізді аңдып жүр. Әр жасаған қадамыңыз олардың серверлерінде жазылып жатыр.
Эдвард Сноуден АҚШ-тан Ресейге неге қашты? Ол Американың Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігі (NSA) Microsoft, Apple сияқты корпорациялар арқылы бәрімізді сығалап жүргенін әлемге жариялады.
Бұған қоса хакерлер мен вирустар абай болмаған қолданушылардың құрылғыларына кіріп, ақша және басқа да құнды ақпаратты ұрлап немесе бопсалап жатыр.

Осындай адамзатты жаппай аңду болып жатқанда біздің жеке тірлігіміз шынымен жеке ма? Құпиямыз шынымен де құпия ма? Мен олай ойламаймын. Нағыз жеке өмір сүргіңіз келсе, оған екі жол бар. Біріншісі - интернетті мүлдем қолданбау. Бірақ ондағы төніп тұрған қауіппен бірге оның пайдалы жақтарынан да айрыласыз. Қазір ондайға кім барады, әр минут сайын телефонына қарайтын халге кірген бұқара ондай сауықтан оңай айрыла қоймас. Екінші жол - криптографиялық жолмен ақпаратты жасыратын құралдарды, қысқаша, криптоқұралдарды қолдану. Және интернетте серуендеп жүргенде, компьютер мен смартфонды қолданғанда қауіпсіз амалдарды әдетке айналдыру. Криптоәдеттер дейік оны қысқаша.

Нағыз жеке өмір сүргіміз келсе осы криптоқұралдар мен криптоәдеттерді меңгеруіміз керек. Бұл туралы қарап, тыңдап, оқып білетін нәрсе көп. Браузерлер, операциялық жүйелер, іздеу жүйелері, криптовалюталар (иә, биткоин да осы салаға кіреді) және тағы сол сияқты.
Сондықтан мен осындай керек мәліметтерді сіздермен бөліскім келіп отыр.

Егер бұл тақырып сізге қызық болса, менің Ютюб арнама жазылыңыз:
https://www.youtube.com/channel/UCrTRRlrTVOzuKNhkLZlzlZg/videos?view_as=subscriber
Бұдан басқа Фейсбук парақшасы да бар:
https://www.facebook.com/cryptoadamkz

Және де осы жерге мүмкіндігімше жазып отырамын.
Ақпараттың көбісі криптовалюталар жайлы болмақ, себебі қазір ол ыстық тақырып және де басқа құралдарға қарағанда жаңалық көбірек.
Болашақта криптоқоғамға айналайық!
Осы мәтін сізге ұнаса Лайк басып отырыңыздар. Басқалармен бөлісіңіздер. Оқығандарыңыз үшін рахмет!