Жанарымның тамшысы

Жанарымның тамшысы
жеке
блог

Көздің мөлдір тамшысындай мөлт етіп

Көл жатыр....

Осыншама сұлулықпен тілдесіп... 

Көл жатыр... Тұнық көңілдей...

Алыстан мұнартқан тауларды қол созым жерден көргенде, осыншама үйлесімді сұлулыққа есім кетіп, шыңына шарықтауға құмарттым.

Шыңында бұлт жөңкіген таулар тотыдай жүз түрленіп, өзіне құштар көп жанарды арбайтындай.

Теңкиген тастар әліне қарамай шыршамен жарыса өсем дей ме? ))

Үндемеу керек жерде сөйлемеген дұрыс-ау осы. Табиғатты тек жүрекпен сезіну керек...

Жасыл шөп, қызыл доп. Жүзде күлкі шуақты...

Қар! Қарды көрдің бе?..

Көлге күмп етерміз бәлкім біз...

Әппағын-ай...

Таудың етегінде шашылып жатқан биік шыршалар алыстан қарасаң, құжынаған құмырсқадай, ал алып тастар үзіліп кетіп, әр жерде домалаған моншақ іспетті...

Бір-бірін желкелеген шарбы бұлттар да бұл жақтың аспанында өзгеше қалықтайды.

Мен мәңгіге қалар ем... Осы  таудың құшағы жылытса жүдеген жанымды... Суын сүйіп, желегін құшып... Сүйемін сені, табиғат тылсым! Сылқым сұлуым менің!