«ТҮРКСОЙ» МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛЕРІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ КЕЛДІ.

«ТҮРКСОЙ» МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛЕРІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ КЕЛДІ.
жеке
блог
Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болған Түркістан қаласында «ТҮРКСОЙ» Мәдениет министрлерінің  ХХХV-ші Тұрақты Кеңесінің отырысы және «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының жабылу салтанаты болып өтті. 
Осы орайда «ТҮРКСОЙ» Мәдениет министрлерінің ХХХV-ші Тұрақты Кеңесіне қатысушылар «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейін аралады.
Атап айтсақ «ТҮРКСОЙ» Бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов және ТҮРКСОЙ мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.