Жиналыста шешілген түйін...

Жиналыста шешілген түйін...
жеке
блог

Шайтандардың жиналыс хаттамасынан

Ібліс бүкіл шайтандармен жиналыс ұйымдастырып оларға былай деді:

«Біз мұсылмандардың мешітке баруына кедергі бола алмадық. Олардың Құран оқуына, ізгі істер жасауына да кедергі бола алмадық. Ең бастысы олардың әрдайым Хақ Тағаланы және сүйікті елшісі Мұхаммедті ойлауына тосқауыл қоя алмадық. Олардың Аллаһ Тағаламен байланысы өте қатты, үзе алмадық»

«Олай болса, мейлі мешітке барсын, бір-бірлеріне арқа сүйеп, ауызбіршілікте болсын. Бірақ, олардың алтын уақыттарын ұрлаңдар! Осылайша олар Аллаһ Тағала мен пайғамбары Мұхаммедті ойлайтын және иманын нығайтатын уақыт таба алмасын. Сізден қалайтыным – осы!» – деді Ібліс.

Иә, иә күні бойы Аллаһты ойлайтын, иманын нығайтатын уақыт таба алмасын! Оларды бос қалдырмауға тырысыңдар! Сол сәт бүкіл шайтандар:

«Мұны қалай іске асырамыз?» – деп шулады.

«Олардың ақыл–ойын ылғи кішкентай нәрселермен толтырыңдар» –деп жауап берді Ібліс.

«Оларды ақша жұмсауға итермелеңдер, жұмсап, жұмсап қарызға белшесінен батсын»

«Әйелдерін сыртта жұмыс істеуге итермелеңдер, оған қоса күйеулері де аптада 6-7 күн, 10-12 сағаттан жұмыс істесін. Осылайша олардың өздеріне және жанұясымен бірге болатын бос уақыты қалмасын.»

«Олардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі болыңдар, үйдің өзінде жұмысын ойлайтын халге жеткізіңдер. Бастары қатып Аллаһпен бірге болуға шақыратын кішкентай дауыстың өзін ести алмайтын халге душар болсын. Ылғи музыка тыңдауға үгіттеңдер, жұмыста, машинада радио, магнитофон тыңдасын, үйлерінде әрдайым теледидар, видео, компьютер қосылып тұрсын. Мейрамханаларда, дүкендерде де музыка ойнасын. Осылайша олардың ақыл–ойы басқа жақта болып, Аллаһ пен Пайғамбары Мұхаммедті ойлауға шамалары келмей қалсын.»

«Үстел үстінде ылғи газет–журналдар тұрсын, сол жаңалықтар 24 сағат бойынша ойларынан кетпей қойсын, машина айдағанда уақыттарын босқа өткіздіру үшін жарнамаларды қолданыңдар!

«Олардың электронды пошталарын жарнамалармен, керексіз хаттармен үйіп тастаңдар, оларды өшіру үшін де уақыт жоғалтсын»

«Журнал мен теледидар экрандарында көздің жауын алатын әдемі, сұлу қыздардың суреттерін қолданыңдар, осылайша еркектер шын мәніндегі сұлулықтың осы екеніне сеніп, уақыт өте әйелдерін ұнатпайтын дәрежеге жетсін!»

«Мұсылман әйелдерінің ылғи шаршап жүруіне ықпал жасаңдар, осылайша олар күйеулеріне деген сезімін көрсете алмасын, әрдайым бастары ауырсын. Әйелінен ілтипат–сезім көре алмаған күйеуі бақытты сыртта іздесін, бұл да шаңырақтың тез арада шайқалуына себеп болады»

«Оларға мағынасыз нәрселерге толы хикая кітаптарын беріңдер, балаларына өмір сүру мен иманның маңызын түсіндірудің орнына осы кітаптарды оқып берсін»

«Аллаһтың жаратқандарын көруіне, Оның құдыретін танып–білуіне тосқауыл болыңдар, ғалам мен табиғаттың жаратылысындағы ғажайыпты байқамасын, түсіне алмасын»

«Оларды көбіне жабық жерлерге баруды үгіттеңдер, концертке, киноға көп барсын, айтқанымдай оларды бос қалдырмау керек»

«Өзі сияқты мұсылман достарымен кездескенде оларды өсек-аяңға итермелеңдер, нәтижесі ұрыс-керіске апаратын тақырыптарда сөз қозғаттыруға тырысыңдар, қоштасарда көңілдерінде кірбің ұяласын»

«Өмірлерін өте тамаша және керемет етіп көрсетіңдер, сөйтіп Аллаһты және Оның құдірет күшін ойлайтын жағдайда болмасын! Барлық нәрсеге және бақытты өмірге тек өздерінің күш-қуаттарының арқасында жеткеніне сеніп бақсын. Берілген нығметтерге, денінің саулығына шүкір ету керектігін ұмытсын»

«Міне, үлкен жоспар осы,барлық жерде мұсылмандардың қол-аяғын шырмап, уақыттарын бос өткізулері үшін аянбай еңбек етіңдер, Аллаһты ойлауға мұрша бермеңдер! Басқаларымен Аллаһ және Пайғамбары Мұхамед жайында сөйлеспесін!» Шайтаннан

 Сіздің ойыңызша, шайтан бұл ісінде жетістікке жетіп жатыр ма? Шешімді өзіңіз қабылдаңыз…

 

 

11.01.2011 Алматы намаз уақыты
Таң    Күн    Бесін    Екінті    Шам    Құптан

6:43    8:24    13:02    15:58    17:45    19:09