"Қағаз кеме" жайлы пікірім.

"Қағаз кеме" жайлы пікірім.
жеке
блог

Сәлем, достар! Сәлем, eaglezдер!) Шынымды айтсам, мен бұл күнге дейін хейтер едім. Түүүш, ашуыңды баса ғой, игл) Хейтер болғанмен олар жайлы жаман нәрсе жазып, кәәдімгідей жек көрген емеспін. Жәй қазақ үшін үйреншікті емес стиль болғандықтан сәл шошығаным рас. Әйтпесе, кореяның жігіттерін өліп тұрып жақсы көрем негізі. Көбіне дорамаларын көріп, тек Корей жігіттеріне жарасады деп ойлайтынмын. 91 тобы шыққанда Қазақстанға жаңа бағыт әкелген топтың түрін көрейін деп "Айыптама" клипінен бастадым. пфф, бастадым деп қоям, как будто сол кезде басқа клиптері болған сияқты))) Шынымды айтсам, сол кезде ұнатпағам сол клиптерін де, сол әндерін де, әлі күнге дейін ұнамайды. Тағы да айтам, игл ашуыңды бас) Олардың басқа әндерін  тыңдап, клиптерін көргеннен соң сәл ғана ұнай бастады. Бірақ, қатты құмартып тыңдадым деп айта алмаймын. Көзіме алғаш түскені БАЛА болды. Ішінде сол ғана сырға тақпаған, шашын боямаған мембер болған негізі сол кезде) Ал, бүгінде маған ALEM ұнайды. Маған бұл топтың таза қазақ тілінде сөйлейтіндері ұнайды. Кейбір әншілер сияқты орыс тілінде міңгірлемейді. Әрі қарай да осылай болады деп үміттенемін.

   "Қағаз кеме" киносы Қазақ киносын жаңа бір деңгейге көтергендей болды. Расында, Корей дорамаларына қызыққан соң Қазақстнда да осындай кино шықса ғой деп арманайтынмын. Міне, сол арманым орындалды. 91 жігіттері мен бүкіл съемка ұжымына алғысым шексіз. Тек неге 30 минут? И  то соның 20 минуты құрғыр рекламамен кетед. Әжептәуір көріп келе жатсаң, қызық жеріне келгенде "көңіл толқыны" деп реклама беріп тастайды 10 минут. Тіпті барғо не көріп отырғаныңды ұмытып қаласың. Жәә, оны қойш. Сонда да НТК телеарнасына айтар алғысым шексіз. Жігіттерді қолдап, иглздар үшін бәрін жасап жатсыздар ғой. Біраз иглздің сауабына қалдыңыздар негізі)

Ал киноға келер болсақ:

- Ерден маған қатты ұнады. Өзіме сондай мықты, самовлюбленый, қырсық, қолынан бәрі келетін жігіт ұнайтын. Осы қасиеттің бәрі Ерденнің бойынан табыла білді. ALEM шын өмірде де сондай ма екен, қызық?) Ерденнің Айямен кездесетіні айдан анық. Бірақ, киноның соңын күтейік, қызық әлі алда сияқты.

- Жансері аңғал, мейірімді, бай. Динараға ғашық болғанымен, оларды тез арада жүріп кетеді деп ойламадым.

- Дидар бүкіл қыздың арманы, сабағын жақсы оқиды, даусы да жақсы, биге де икемі бар. Нағыз ханзада деуге болады. Аяулыммен жүріп кетсе, жақсы жұп болар еді. 

- Алай мен Әлихан, Қайрат пен Нұртас, Нұрлан мен Мұрат, Ачи мен Эдвардсыз бұл кино қызықсыз болар еді. Олардың күлкілі әзілдеріне күлмей шыдау мүмкін емес сияқты. Олардың да Амина мен Айгерім деген жұптары бар. 

в общем, кино ұнаады. Ең жоғарғы бағаны қоюға болады. 

ИГЛЗдар қайдасыздар? Комментарийлеріңізді күтем. 

Инстаграмға жазылсаңыздар болады. Күнделікті қызықты жазбалар шығаруға тырысамын. @xciaeka @91_qk_