Қиялымдағы махаббат (сол дауыс... сол əн... 2-бөлім)

Қиялымдағы махаббат (сол дауыс...  сол əн... 2-бөлім)
жеке
блог
Тəтті түс көріп оянғандай, мен де өзім жасап алған  тəтті қиялдан оянып кеттім...   Сол сəтте ақ қиялымнан қол үзіп, шынайы өміріме тап болғандаймын. 
 _____________________________
 
Шынайы өмірім.      Сахна сырты.      Адамдар көп.     Жан-жағым қайнаған тіршілік. Ол əлі қарап тұр.  Мен де.  Жүрегім мен санамда үлкен арпалыс болып жатқандай. Дереу ес жиып артқа  бұрылдым.Бар ойым оған енді қарамау.   Санамда не деген дауылдар болып жатыр десеңші...  "Неге? Неге осынша қарадым? Қандай ақымақпын?"   
Жай қарасамда көп нəрсені білдіртіп қойғандай, кінəлі болып отырмын.   Өзіммен- өзім тұңғиық ойға батып, өзімді қатал сөгіп жатырмын.
---------------------
 Енді мүлде қарамаймын! Жалтақтамаймын! Басымды тек биік ұстаймын!  
 
Бір сəтте...  Қаншама шудан жаныма айқын сезілген музыка...  дауыс... үн... Жүрегім  шаншып...    үздіксіз соға жөнелді...  таныс сезім...   
 
 
Əлі есімде...  сол күн..Иə, дəл сол кездегі əн!  Дауыс та, əн де тым таныс ... 
 
     Көзімді жұмып,  біраз құлақ түрдім. 
Бұл менің  жұлдызым! Ол  əн салып жатыр.     Ал... мен оған тіпті қарай алмаймын...   Қиялыма ерік бере алмаймын... 
 
Барлығын  басынан айтқаным жөн шығар...    
               Жалғасы бар...